.
.
№ 32 жалпы орта білім беретін мектеп Дара және күрделі сын есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2288 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Бастауыш сынып мұғалімі: Л.Е.Койгельдина
2012 – 2013 оқу жылы
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,сауаттылыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі :Кестелер, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, суреттер.
Жоспары:
1-кезең: Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу.
"Сәлем" деп амандасамыз қолымызбен,
"Сәлем" деп қараймыз көзімізбен,
"Сәлем" деп айтамыз аузымызбен.
"Сәлем! "
Қуаныш сыйлаймыз бәріңізге.
2-кезең: Еске түсіру сәті
-«Толықтыру тесті»
1 - нұсқа
1.Зат есім дегеніміз -____________________
2.Зат есімнің сұрақтары _________________
3.Етістіктің сұрақтары ___________________
4.Сын есімді қойып жаз.
__ __ балаға айтсаң –білер,
______ балаға айтсаң –күлер.
5.Етістікті тауып жаз.
Жанар, келді, биік,жиырма. ______________
2 - нұсқа
1.Етістік дегеніміз -____________________
2.Етістіктің түрлері
_____________________________
3.Сан есімнің сұрақтары
_____________________________
4.Сын есімді қойып жаз.
______балаға айтсаң –білер, ______балаға айтсаң –күлер.
5.Сан есімді тауып жаз.
Жанар, келді, биік,жиырма. _______________
Сын есім дара және күрделі болады.
Дара сын есім бір сөзден жасалады: сары,биік.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады: сары ала, қара торы.
3-кезең: Сергіту сәті
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз,
Көлдің бетін құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз.
4-кезең: Тіл дамыту жаттығулары
19-жаттығу.
* Мәтінді көшіріп жаз.
* Сын есімдердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?
20-жаттығу.
• Дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге
айналдырып жаз
21-жаттығу.
• Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып,
сөйлем құрап жаз
5-кезең: Ой сергіту жаттығулары
- сызбаны толықтыр
Сызбаны пайдаланып көп нүктенің орнына сын есімдерді
қойып сөз тіркесін жаз.
- шығармашылық диктант
Сын есім Негізгі сын есім Туынды сын есім Дара сын есім Күрделі сын есім
6-кезең: Қорытынды.
- «Сатымен кім тез көтеріледі?»
Зат есім етістік сан есім сын есім
7-кезең: Бағалау
8-кезең: Үйге тапсырма 23 – 24 жаттығу 140 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.