.
.
Бекітемін: _______________ Күні: _______________ Дауыссыз б мен п
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2979 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п
131-136 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дауыссыз б мен п әріптерінің жазылу
ерекшелігі туралы білімдерін тиянақтау, дамыту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын, жазбаша сөйлеу тілін,
сауаттылығын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: тапқырлыққа, тиянақтылыққа, мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға
тәрбиелеу.
Типі: білімді тиянақтау
Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу
Пән аралық байланыс: ана тілі
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, интерактивті
тақта.
Жұмыс барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға оқу құралдарын алғызу. Назарларын сабаққа аудару.
а) Сабақтың ұраны
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
5-ке қолды жеткізу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
131-жаттығу «Мектепте» тақырыбына әңгіме құрау.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жуан дыбыстыларды ата?
-Жеңішке дыбыстыларды ата?
-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Үнді дауыссыздарды ата?
-Ұяң дауыссыздарды ата?
-Қатаң дауыссыздарды ата?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік.
Бір-екі балаға ертегі мазмұнын айтқызу.
1-cиырдың тапсырмасы.
131-жаттығу.
Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар. Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгерді деп ойлайсың?
2-ағаштың тапсырмасын орындаймыз.
3-қыздардың тапсырмасы
132-жаттығу
Берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін қосып жазып, п-ның өзгеру себебін түсіндір.
Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, тон, шөп, талап,көп
Сөйтіп мысық шаршады, ендеше біз мысықты сергітейік.
Сергіту сәті
Қане, қанат қағайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
4-дүкеншінің тапсырмасы
133-жаттығу
Тәртіп, топ, қорап сөздерін қатыстырып сөйлем құра.
1 қатар «тәртіп» сөзіне сөйлем құрайды.
2 қатар «топ» сөзіне сөйлем құрайды.
3 қатар «қорап» сөзіне сөйлем құрайды.
5-тауықтың тапсырмасы
134-жаттығу.
Екі бағандағы сөздерді жұптастырып жаз.
Сөз соңындағы п дыбысының б-ға өзгеру себебін дәлелде.
6-тышқанның тапсырмасы.
Сөздік диктант. (Дыбыстық талдау жасау)
Кітап, мектеп, доп, қап, қолғап, клуб, штаб.
-Енді, мысық келген жолымен қайта қайтады. Мақта қызға келіп қатықты беріп құйрығын алады.
Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал. Әдепті болып жүр,-деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
-Ал біз қандай болуымыз керек?
-Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық!
-Ал біз қандай болуымыз керек?
Қорытындылау.
-П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы қандай дыбысқа айналады?
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.