.
.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1796 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен дауыссыз дыбыс туралы
білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру,
оның түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру,
сөздерді талдау, сауатты жазуға төселдіру, ой-
өрістерін,есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, құстарға қамқорлық жасауға, оларды аялауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, тест,
шығармашылық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: тест, электронды оқулық, грамматикалық ,
дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, бағалау
картасы.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен материалды еске түсіру:
Тест жұмысы ( интерактивті тақтада жазулы )
1. У дыбысы жуан айтылған сөзді тап:
а) таулар ә) уәде б) әуе
2.У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:
а) бауырсақ ә)жауынгер б) қуыршақ
3. Алдынан ү дыбысы естілетін сөз:
а) қарау ә) тігу б) санау
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:
...т, к...ім, т...ын
а) й ә)у б)и
5.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
а) алм- а ә) ақ- қу б) а- ст- ық
Жауаптары интерактивті тақтаға шығады, оқушы көршісін бағалап, бағалау картасындағы « үй тапсырмасы » деген бағанға тиісті бағасын қояды.
3.Жаңа сабақты түсіндіру:
« Дыбыстар патшалығы» ертегісін айту
Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйлері, міне, қандай әдемі ( аузыңды көрсетші, аша ғой, қане). Үйдің төбесі бар ( тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде,таптың ба?). Еден дегеніміз-төменгі таңдай, есік – еріндер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар( тістерін көрсетсін).
Бәрі жақсы болар ма еді, қайтер еді, бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды( тілдің ұшын қимылдатыңыз).
...Сөйтіп, ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кей дыбыстарды ол емін- еркін өткізіп жіберді, міне, былай, менен кейін қайталаңдар: [а], [ә], [о], [ы ],[и] ... Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді( оқушылар қызыл текшені көрсетеді).Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызады немесе есікті жауып қояды [м-м-м], ал [т] дыбысын төбеге итеріп , жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқырынуға [ф], ысқыруға [с] , қырылдауға [х] мәжбүр етеді. Біресе дыбыстарды құйрығымен ұрады [р] ( айтып көріндерші, тіл діріл қағып тұр ма?). Сондықтан бұл дыбыстар ауыздан емін – еркін шыға алмайды, олар мынадай көк көйлек киіп алған.
Бүгін біз осы көк көйлекті дыбыстар туралы айтпақпыз, сонымен, тілдің түрлі кедергілеріне ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар 3 үлкен топқа бөлінеді. (тақтаға дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері туралы кесте ілінеді, сол арқылы сабақты түсіндіремін.)
Оқулықтағы ережені оқыту.
Оқулықпен жұмыс :
1-жаттығу ( өз бетімен жұмыс)
« Артық сөз »ойыны .Сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
Артық сөзді тап.
2-жаттығу( интерактивті тақтада жазулы тұрады)
1-2 оқушыға оқыту
Қою жазумен берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды топтап жаз (орындарынан).
Балапан, жасайды, тұрғызады.
Қатаң: п, с, т.
Ұяң: б, ж, д, ғ, з.
Үнді: л, н, й, р.
Деңгейлік тапсырмалар. Ой толғау
- Қай дыбыс екі топқа да ортақ? ( У )
У дыбысы дауыссыз болатын сөздер жаз.
Тура оқысақ та, кері оқысақ та бір сөз болатын 4 сөз жазу. Осы сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталатын сөйлем құрастыру.
Ж ж ж ж .
Б б б б .
С с с с .
Сергіту сәті
Бір, екі, үш Бойға жинап күш
Әдемі етіп жазамыз Күнде бестік аламыз.
3-жаттығуды ауызша оқыту
-Аққу, қанат, суық сөздеріне дыбыстық талдау жасату
- Күзгі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу:
Күн салқындап, шөп қурап, құстардың жемі азая бастайды. Бұрынғыдай айналада қаптап жүрген шыбын- шіркей, құрт- құмырсқалар да көріне қоймайды. Жемнің азаюы- құстардың жылы жаққа қайтуының басты себебі. Біртіндеп құстар топтала бастайды. Соңынан лек- легімен жылы жаққа қайта бастағаны байқалады. Алдымен ұсақ бунақденелілерді қорек ететін құстар қайтады. Бұлардан кейін өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын қорек ететін құстар қайтады. Су құстары- үйрек, қаз, тырна, аққулар барлығынан кейін, су салқындап қатысымен қайта бастайды. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударатын құстарды жыл құстары деп атайды.
- Қарлығаш, қараторғай, көкек туралы оқушыға қысқаша әңгімелету. (интерактивті тақтада осы құстардың суреттері көрсетіліп тұрады )
- Құстар туралы мақалдар сұрау.
5-жаттығу Ұлттық ойын « Жамбы ату »
Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыру
Шағала, тоқылдақ, бөдене.
Құрастырылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды үшке бөліп жазу: Қатаң:
Ұяң:
Үнді:
4. Сабақты бекіту:
«Сөз ойла да, тез ойла » ойыны
К е к Қ а қ
К и і к Қ и ы қ
К ө к е к Қ а с ы қ
К і р п і к Қ а й м а қ
К ө б е л е к Қ у ы р д а қ
К ү н д е л і к Қ ы т ы р л а қ
« Сөз тапқанға » ойыны
( Оқушының жауабы ылғи бір дыбыстан басталуы керек, мысалы, М дыбысынан)
Қалтаңда не бар?
Бор қандай?
Аспан қандай?
Қандай сурет саласың?
Өскенде кім боласың?
Ауа райы қандай?
5.Сабақты қорыту:
Электрондық оқулық . 2-класс Өзім туралы модулі Нәтижені тексеру 2-тапсырма. Үйге тапсырма беру, бағалау. 4-жаттығу, ереже жаттау.. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы:
« Дауыссыз дыбыстардың түрлері »
Өткізген: Альмешова Б.С.
бастауыш класс мұғалімі
Тайпақ 2010
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.