.
.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ Дауыссыз қ мен ғ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2509 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: түбірдің соңындағы қ дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретінін түсіндіру.
Дамытушылық:өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ- жауап, оқу
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер,плакат,интерактивті тақта, карточкалар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану.
Сабақтың барасы:
Психологиялық дайындық:
Мұғалім: Әрбір адам Оқушылар:досым,сыныптасым
Мұғалім:Әрбір ісің Оқушылар:тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім:Әрбір сөзің Оқушылар:шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім:Әрбір сабақ Оқушылар: үйрену, оқу, іздену
Мақсатымыз- білім алу
Міндетіміз –еңбектену
Еңбек етіп топтаса
5-ке қолды жеткізу
Ендеше бүгін бәрлеріңе сәттілік тілеймін!
1.Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты пысықтау.Ережені сұрау.
Мынау қандай пішін?
Дөңгелек-әріптің саны, буын
Мынау қандай аң?
Аю-дыбыстың саны, буын
Мынау қандай киім?
Тақия-дыбыстың саны, буын(слайд)
2.Үй жұмысын сұрау және бағалау
4-жаттығу, 45-бет
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, тапсырмаларды орындау барысында әр топтың жеке себетіне қызыл жетон салынып отырады.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ
«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты. А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы,і,э,ю,я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.Б,в,г,ғ,д,ж,з- дыбыстары ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. К,қ,п,с,т,,ф,х,ч,ц,ш,щ,һ-дыбыстары ағаштың діңіне қонып қатаң болыпты. Л,м,н,ң,р,й,у дыбыстары бұлтқа қонып үнді болыпты. Олар күні бойы қайғырып-жылап, «Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті. Бұларды біз бітірейік-деп келіседі. Одан кейін олар әріптерден сөз, буын, сөйлем құрапты. Олай болса, бүгінгі дауыссыз дыбыстарды табу үшін әріпті жұмбақ жасырайын, тауып көріңдерші.
Әріпті жұмбақ
1.Қалада бар, үйде жоқ,
Қайықта бар, су да жоқ. (Қ)
2.Ғарышта бар, айда жоқ,
Айшада жоқ, Ғайшада бар (Ғ)
Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.Олай болса бүгінгі сабақта дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз.
Қ- қатаң даыссыз дыбыс
Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс
Қазақ тілінде ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ-орағы, тарақ-тарағы, парақ-парағы
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, осы сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Жазу барысында байқалған өзгерісті айт. Оқушылар тақтаға шығып орындайды
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы . Мәтінде қ, ғ дыбыстары кездесетін сөздерді тап. Олар нешінші буында тұр. Сөйлемдерді оқушылар кезекпен оқып, қ мен ғ дыбысы бар сөздерге тоқталып, түсіндірме жүргізеді.
Интерактивті тақтамен жұмыс
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.Қай сөздерде қ дыбысы ғ дыбысына өзгерді? Өзгеру себебін түсіндір. Әр оқушы тақтаға кезекпен шығып жазады.
Сергіту сәті:(3 мин.)
Ойын: «Артық сөзді тап»неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.
А) Шай, сүт, нан, айран, кітап, шұжық, балық, май
Ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.
Б) Алма, қызанақ, қияр, асқабақ, картоп, пияз
5-жаттығу. Қ дыбысынан басталып қ дыбысына аяқталған сөз ойла.
1 Қоқыс жинайтын құрал
2 Ас ішетін құрал
3 Жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынатын жер
4 Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе
5 Сүттен жасалатын тағам
Жауабы: қалақ, қасық, қорық, қабық, қатық.
6-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз
Шөре-шөре, лағым.
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Қарамен жазылған сөздерді үлгіде көрсетілгендей жаз.
Үлгі:лағым-лақ, ...
Қорытынды: оқушылар әріптердің дауысты, дауыссыз екенін айтып, сол әріпке 3 сөз ойлап айтып, буынға бөледі және тиісті қалташаға салады.Бұл тапсырма арқылы жеке оқушы бағаланады.
Бағалау:Жұлдызша-дұрыс жауап берген оқушыға
Төртбұрыш- бір, екі қате жіберген оқушыға
Үшбұрыш- жауабы дұрыс емес оқушыға беріледі және күнделіктеріне тиісті бағалары қойылады.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу,47-бет
Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толды?
Еліміздің президенті кім?
Президентіміз қай күні сайланды?
Қазір қандай сабақ?
Балалар , әліппеден не үйренеміз?
Дыбысты не істейміз?
Әріпті не істейміз?
Сөз неден құралады?
3.Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ұ
Ұ қандай дыбыс?
Жуан ба, жіңішке ме?
Үйге қандай тапсырма берілді? Ұя өлеңін жаттау,
Ұ дыбысына арналған мәтінді оқу
Кім айтады жатқа? Ал мәтінді кім оқиды?
4.Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабағымызды сиқырлы сөзжұмбақтан бастайық.
(Слайд.)Сөзжұмбақты шешу үшін бізге математика керек.
2+2
2+1
3+3
5-3
2-1
- Қандай сөз шықты?
-Түлкі қайда мекендейді?
-Түлкі қандай аң?
-Түлкі туралы не білеміз?
«Түлкі» дегенде өздеріңе таныс емес дыбысты табыңдар.
-Ү деп дыбыстату.Электронды оқулықпен жұмыс.
Қалай дыбысталады? Қандай дыбысқа жатады?
Дауысты дыбыстар- созылып,ұзақ ,еркін айтылады. Дауыссыз дыбыс-кедергімен,тез айтылады.
Ү дыбысына ұқсас заттар ма?
-Бәріміз екі қолымызды қосып ұя салайық.
Плакатпен жұмыс.
Плакаттан ү дыбысының баспа,жазба түрін көрсету. Баспа түрін қайдан көреміз? Жазба түрін қайда қолданамыз?
Ү әрпінен келетін бірнеше суреттерді көрсету: үй, үтік , бүркіт.
Неше дыбыстан тұрады,ү дыбысы қай жерінде кездескен? Неше буын бар?
Сергіті сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалды сыбдырды Қиығын сап көзінің
Ойлы-қырлы жерлерден Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып жүгірді Көжегі екен өзінің
-Бүгін түлкі сендерден көмек сұрай келіпті. Сендерге арнап хат жіберіпті. (Хатты оқу.)
Хат.
Құрметті оқушылар. Мен ормандағы аңдарды алдап едім,олар мені үйіме баратын жолмен өткізбей жатыр. Маған көмек беріп жолдан өткізсеңдер, енді ешкімді алдамаймын деп уәде беремін дейді.
Хат иесі : Түлкі
Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен, үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
-Бірге жолға оған көмек береміз бе?
-Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындау керек. Кім көп тапсырма орындаса ,сол оқушыға түлкінің сыйлығы бар екен.
1. «Аң патшасы- арыстан» тапсырмасы
1. Мәтінмен жұмыс. «Ормандағы аңдар» Оқулықты ашамыз, мәтінге қараймыз. Мен оқимын, сендер тыңдаңдар.
2. Сұрақ –жауап арқылы мазмұнын ашу.
-Қай аң туралы айтылған?
-Түлкі қайда өмір сүреді?
-Терісінен қандай киім жасауға болады?
3. Тақтадан хормен оқыту
Ойын: Менің үйім қайда? Дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға бөліп,үйлеріне апару
2. «Жолбарыс» тапсырмасы
1. Дәптермен жұмыс. Бұл тапсырмада ү дыбысын жазып үйренеміз. Алдымен ауада жазамыз. Электронды оқулықтан жазу үлгісін көрсету.
Ендеше балалар ,дәптерді ашамыз, жазуға ыңғайлы етіп қоямыз.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Әдемі етіп жазайық
Күнде бестік алайық
Ендеше ү әрпін әдемі етіп, сауатты ,қатесіз жазамыз.
Тақтамен жұмыс. Ү дыбысына келетін сөздерді жазып,талдау.
3»Қасқыр» тапсырмасы
(Слайд 1).Үшбұрыштың астындағы жасырулы сөздерді оқу.(әр түрлі түспен берілген үшбұрышты балалар түсіне қарай таңдайды)
Үн,ұн, Күн,құн.Құндыз,күндіз. Құрақ,күрек. Осы сөздерді оқу,буынға бөлу
4. «Аю» тапсырмасы
-Балалар бұл тапсырмада сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.Тірек сөздерді қолданамыз. Қане бәріміз мына суреттерге қарайықшы:
1-суретте нелерді көріп тұрмыз? Қане кім сөйлем құрастырады?
Тауық балапандарымен өзеннің арғы бетіне өте алмай тұр. Тауық үйректен көмек сұрады.
2- сурет бойынша, Үйрек тауықты,балапандары тауықтың балапандарын өздерінің үстіне отырғызып,өзеннің арғы бетіне жүзді.
3- суретте Үйрек тауық пен балапандарын өзеннің арғы бетіне өткізді
4- суретте Тауық балапандарымен үйрекке рахмет айтты.
Енді осы мазмұнды сурет бойынша қандай ат қоюға болады? (Тауық пен үйрек, Мейірімді үйрек)
Өте жақсы. Балалар, қасқыр жол бердіма?Демек сендер тапсырманы дұрыс орындапсыңдар.Сендердің тапқырлықтарыңның арқасында түлкі аман-есен үйіне жетіпті.
5.Қорытынды:
– Нені үйрендік?
-Бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
6. Бағалау:
Ендеше балалар,бүгінгі сабақта түлкіге көп көмек көрсеткен оқушыларға
түлкінің сыйлығын беріп, келесі сабақтарда бұдан да жақсы оқуларына тілек білдіру.
7 . Үйге тапсырма беру:
93- беттегі «Ормандағы аңдар» мәтінін оқу,мазмұнын айту. 94- беттегі тапқышбектің тапсырмасын дәптерге толықтырып жазу . (Жазу жолын түсіндіру )
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.