.
.
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» «Әдептілік әлемі»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3192 | Размер: | Автор: balaseriМақсаты:
1«Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар
І- Сәлемдесу аялдамасы
Шаттық шеңбері
Ұл-қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем- сөздің анасы».
«Амандасу» тренингі
Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.Балалар енді қолымызбен амандасайық, құлағымызбен, мұрнымызбен амандасайық.
ІІ-Сиқырлы сөздер аялдамасы
-Балалар біздер сиқырлы сөздер аялдамасына келіп жеттік.
«Не деу керек?»
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
Жағдаяттарды шешу
1-жағдаят
Анасы қызына алма сатып әкеліп оны түскі астан соң жерсің деді.Алма сондай қызыл дәмді еді.Қыз анасынан: Анашым рұқсат етіңізші, түскі тамақты тауысып ішемін деді.Біраздан соң ағасы мектептен келіп, алмаларды жеп қойды.Ағасының бұл қылығы дұрыс па?
2-жағдаят
Әже ауырып жатыр. Ернар теледидардың дауысын қатты шығарып, күліп отыр.Ернардікі дұрыс па?
Ойын «Сиқырлы сөздер»
Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.
ІІІ- Сыпайылық аялдамасы
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Сыпайылықты бізге кім үйретеді?
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Әдептілік әліппесі
Атам маған әманда Алдын орап кісінің,
Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.
Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің -
Жасы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.
Атам маған әманда Өзгелерден өзімді
Кішіпейіл бол деген. Санамаймын жоғары.
Ата сөзі санамда - Артық айтып сөзімді
Мақтанбауды жөн көрем. Желпінгенім жоқ әлі.
Атам маған әманда Қалдыратын ұятқа -
Әділетті бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.
Ата сөзі санамда - Жеткізетін мұратқа -
Жүрем тура жолменен. Тек шындықты көздеймін.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз
"Маша мен аю" мультфильмінен үзінді көрсету.
-Балар қалай ойлайсыңдар Машаның іс-әрекеті дұрыс па?
Сергіту сәті
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Апам нанға кеткенде
Үйде ойнап қаламыз
Ойыншықтарды шашпаймыз
Шкафтарды ашпаймыз
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймыз
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
1) Автобусқа мінгенде не істеу керек?
2) Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3) Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
4) Қонақ келгенде бала не істеу керек?
5) Телефонмен қалай сөйлесу керек?
ІV- "Әдептілік ережелері" аялдамасы
Сурет бойынша әдептілік ережелерін құрастыру
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі
Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдеттерді ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.