.
.
Сабақтың мақсаты: «Әдептілік әлемі» мәнерлеп оқу жарысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2344 | Размер: | Автор: Нартай45401. Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту
2. Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбын хабарлау.
2. Кіріспе сөз.
- Құрметті балалар! Сендер болашақ өмірдің мұрагерісіңдер. Бүгінгі тәрбие сағатында сендерді әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, үлкенді сыйлау, кішіге көмек беру, өзін-өзі қалай ұстау керектігі жөнініде айтамыз. Балалар сендер ата-ана тәрбиесінде болдыңдар. Сендер 7 жастан кейін мектепке келген күннен бастап оқушылар ережесімен таныстыңдар және оны орындайсыңдар кейде сол ережені біле тұрсақта әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар арамызда кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті , әдепсіздікті болдырмау үшін біз мектепке қалай болуымыз керек ?
Бүгінгі біздің жарысымызды ата – аналар бағалайды.Олар әр кезеңнен кейін оқушының аты жазылған шиыршықты жасырын түрде жәшікке салады.Кімнің аты көп аталса ,сол оқушыны жеңімпаз санаймыз. Бас есепші мектеп психологы адильгереева Г.С. жүктеледі
І . Көрініс
Кездесу
Сыныпқа бірнеше оқушы қірді. Олар ары- бері жүрді. Есіктен медет кіреді. Ол жолдастарын амандасады.
- Сәлеметсіз бе , Азиза?
- Сәлеметсіз бе , Аружан !
Аружан:
- Бүгін мектепте домбыра үйірмесі бола ма екен ? Жаңа Айсара болады деген . Гүлнұр болмайды., - дейді.
Арлы-берлі жүріп жатқан адамдар.
Халиссат:
- Қане , қыздар, жолдан былай тұрыңызсайшы . Сіз жолды бөгеп тұрсыз, басқа адамдарға кедергі келтіресіздер ғой.
Көмек
Дүкенге бір әжей келе жатты. Жер тайғақ екен, ол кісі тайып жылығып қалды. Ержан мен Маржан мектептен келе жатты. Ержан Лейлаға сумкасын бере салып, әжені орнынан көтеріп тұрғызып жіберді. Лейланың қасына келген соң:
- Ана кісі әжең бе? – дейді
- Жоқ, әжем емес.
- Жеңгең бе?
- Жоқ, жеңгем де емес.
- Әлде мамаң ба, не танисың ба?
- Жоқ, жәй бір адам. Қарт адамды кездестіріп қалсаң әдепті бол, көмектесуге тырыс деп анам айтқан
Ән : «Мен үлгілі баламын»
ІІ. Суретті сөйлетейік
Мұғалім:
Сәлем –сөздің анасы,
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені деген қазақта мақал бар.Осы мақалдың мағынасын ашып суреттегі оқиға туралы әңгімелеп берулерің сұралады.
Ән: «Мені үлкендер әдепті деп мақтайды»
ІІІ. Мәнерлеп оқу
Әдептілік , ар – ұят – адамдықтың белгісі деген ұстаныммен сендер әдептілік туралы өлеңдер біледі екенсіңдер ?
Сергіту сәті:
Мұғалім: Балалар, енді сендер әдепсіз балалар туралы тақпақ білесіңдер, айтып беріңдерші.
1. Кеше ғана қадалған,
Өміртайдың түймесі
Орнында жоқ апырай
Қайда кеткен, бұл несі ?
2. Етек кетер салақтап
Бос жүріспен далақтап
Ұқыптап сабақ ұқпайды.
өз бетімен алақтап.
3. Ілгек, түйме жұлынып
Кешке дейін алысар
Әркімге бір ұрынып
Құспен малмен жарысар.
4. Шашы түсіп көзіне
Түсінбей ақыл сөзіне
Мұғаліммен таласар
Дәлел тауып өзіне.
5. Сумка, дәптер бәрі де
Дал-бұл болып жыртылып
Сия салған төгіп бәріне
Шимай салған сыртына.
6. Сабақ бітті мектептен
Оқушылар тарады
Бір тентек бір тентекпен
Дабырласып барады.
- Ал, балалар, егер сендер әдепті-әдемі болсаңдар, әдептілік туралы айтып беріңдерші ?
1. Егер сіздер әдепті екенсіздер
Ар жұрдай болмаймын, десеңдер
Қарсыласпай беріңіз орын,
қарт кісіге.
2. Егер сіздер әдепті екенсіздер
Көзге ғана түсү үшін емес
Әрдайым троллейбусқа отыруға
Кемтар кісіге көмектесіңіз.
3. Егер сіздер әдепті екенсіздер
Сабақта отырып,
Жолдасыңмен сыбыр-сыбыр сөйлеспе.
4. Егер сіздер әдепті екенсіздер:
Үлкенменен әнгімелескенде
Ол атаң болсын ол апаң болсын
Сөзін оның бөлмейсіздер.
5. Қара сумка біреу
Бейне қасқыр талаған
Ала сумка біреуі
Алба-жұлба жамаған.
6. Анау бала
Қолың қара,
Кір қожалақ қап-қара !
Тырнағы өскен
Шашы көптен
Алынбапты-ау масқара !
Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын қайталай отырып, көрнекіліктер пайдалана сабақты қорытындылайды.
Жалпы білім беретін Шежін орта
мектеп-балабақшасы
«Әдептілік әлемі»
мәнерлеп оқу жарысы
2 – сынып
Мұғалімі Ахметова Б.Д.
2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.