.
.
ӘДЕПТІЛІК ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ Әдептілік әлеміне саяхат
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1617 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып жетекшісі: Г.О. Тлеукенова
Зырян қаласы, 2010 жыл
Тақырыбы: Әдептілік әлеміне саяхат
Мақсаты: 1. Сыпайлық пен әдептілікті оқушылар бойына қалыптастыру.
2. «Сиқырлы» сөздерді үнемі пайдаланып, әртүрлі жағдайларда әдепті қылықтарды дамытып отыру.
3. Болашақ ұрпақты иманды жолында тәрбиелеу.
Сабақтың типы: Саяхат сабағы.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, «сиқырлы» сөздер.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабаққа кіріспе:
- Балалар! Бүгін біз әдептілік әлеміне саяхат жасаймыз. Осы елде сиқырлы есептер шығарамыз, өлең оқимыз, көрініс көрсетеміз, сықырлы сөздермен танысамыз және оларды пайдаланып әртүрлі жағдайлардан шешү жолын тауып үйренеміз.
- Осы сиқырлы сөздерді біз тек біліп қана қоймай, оларды сиқырлы мәнерімен айтып үйренеміз. Олай айту қиын емес, тек ынтан болу керек. Сендер балалар, өте керемет ғасырда өмір сүресіңдер. Алдарыңда әлі көп қиын істер тосып тұр. Сендер мектеп бітіріп, үлкен азамат болып өсіп, біреулерін зауытта еңбек етеді, кеңде, біреулерін үй саласыңдар, жұлдыздарға жол саласыңдар, жаңа өсімдік түрін шығарасыңдар, ауруларды жеңетін ем табасыңдар. Қорытып айтқанда әр түрлі маман иесі боласыңдар. Бірақ ең алдымен нағыз адам болып өсу керексіңдер: мейірімді, иманды, сыпайы, қамқорлы, әдепті, үлгілі. Оған да үйрену керек. Сол үшін сендер әр дайым, әр қашан да «сиқырлы» сөздерді пайдаланып айту жөн. Сөзде күш бар, сөз – адамның жан дүниесіне нәзік жанасу. Бірақ тек сөз ғана жақсы болмайды, артынан ұят болмау үшін ісін де оған сай болу керек..
- Ал қазір, балалар, «Жаман мен жақсы» ертегін тындаймыз да кейіпкерлерді талдаймыз (оқушылар екі топқа бөлінеді, жаман мен жақсы қасиеттерін жазады).
- Келесі саяхат сиқырлы есеп шығару жеріне тоқтаймыз. Есептерді мұқият тыңдап, шешу жолын табасыңдар;
А) Сұрағы: Қайсар қандай қате жіберді? Таңертең Қайсар мектепке келді. Сыныптың қасында мұғалімі тұр. Қайсар мұғалімін көріп, қуанып кетті. Қасына жүгіріп келді де, кешегі көрген қызықты киносын айта бастады. (Балалар алдында қойған сұраққа жауап береді).
Б) Жолдан бір қария таяғына сүйеніп, өтіп бара жатты. Ол өте кәрі болғандықтан аяқ астына қарап келе жатты. Оған қарама - қарсы бір бала жүгіріп шықты. Ол қарияны қағып кетіп, қатты итеріп қалды. Сол уақытта бала тоқтап, кәрі атаға бірдеңе айтты, оған ата жымия қарады. Сұрағы: Ұл бала атаға не айтты (оқушылар жауабы).
3. Оқушыны білімді меңгеруге дайындау. Суреттер бойынша әр түрлі жағдайларды сахналап көрсету, «сиқырлы» сөздерді көп пайдалану.
4. Абай атанын «Адам болам десеңіз» өленің тыңдату, мағынасың түсіндіру.
5. Білімді бекіту: мақал-мәтелдер айтқызып, топпен талдату.
- Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық
- Әдепсіз әдептіден үйрен
- Сақтықта қорлық жоқ сәлемде зорлық жоқ
6. Сабақты қорыту: Қандай сиқырлы сөздерді білдік, қай топ көп айталады?
7. Үйге тапсырма, әдептілікке байланысты ертегілер, әңгімелер оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.