.
.
Сабақтың тақырыбы: Диқан баба. Диқан баба.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2089 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Балаларға диқаншының еңбегі туралы мағлұмат бере отырып, өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеуге тәрбиелей отырып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі,әдіс-тәсілі: жаңа, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,
Керекті құралдар: топшамалар, төрт топтың аты, сурет, ватман, маркер, пойыздың суреті,
қарындаш, стикерлер.
Күтілетін нәтиже: Аңыздан негізгі ойды түсініп, өз ойларын анық, еркін айта алады.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Мұғалімнің
әрекеті Оқушының
әрекеті
1.КІРІСПЕ
2.ТҰСАУКЕСЕР
3.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
4.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ,
БАҒАЛАУ . 1.Балаларды дөңгеленте тұрғызу.
-Балалармен амандасу.
-Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?
Балалардан көңіл-күйлерін сұрау.
-Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
-Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?
Балалардан өлең шумақтарын сұрау.
1шумағын бір оқушы айтса, келесі 2шумағын екінші оқушыдан сұрау.
-Балаларды мадақтау.
Ескертулер жасау.
1.Қызығушылық ояту.
-Балалар мына тақтадағы жұмбақты оқып, шешуін табайықшы.
1-ші слайд. Жұмбақ шешу.
1.Біреуін бердім,
Онын тердім.
2.Бұтақ басында ұясы бар,
Дәл осында өмірің бар?
Бидай неге жатады? (көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақыл)
-Дұрыс-ақ. Бидай не үшін керек?
-Балалар, дәнді дақылдарға тағы нелерді жатқызуға болады?
2-ші слайд.
бидай арпа
күріш сұлы
жүгері тары
-Өте жақсы.Ал, осы дәнді-дақылдарды егіп, өсіріп, баптайтын адамды қалай атаймыз, кім біледі?
-Дұрыс-ақ. Олай болса, біздер бүгін «Диқан баба» туралы жазылған аңызбенен танысамыз.
-Балалар, аңыз деген не?
2.Топқа бөлу:
Олай болса менің қолымдағы өздеріңе ұнаған, артында дәнді-дақылдардың аттары жазылған гүлдерді суыра отырып, топтаса қойыңдар.
1топ- «Күріш»
2топ- «Арпа»
3 топ- «Жүгері»
4топ- «Бидай»
2.Мағынаны тану.
Дәптермен жұмыс (жаздыру)
-Балалар, дәптеріміздің бетін ашып, бүгінгі күннің жады мен жаңа тақырыпты әдемілеп жазамыз.
Ақпанның он үші.
Диқан баба.
Оқулықпен жұмыс.
1.Әңгімені өзім бастап оқимын.
2.Балаларға жалғастыртамын.
3.Аңыздан не түсінгендерін сұраймын.
Сөздікпен жұмыс.
Мейманасы тасу-астамшылық жасау.
Кепиет сөз- кесір сөз.
Оспадарлық- көргенсіздік.
Есіркеу- жаны ашу.
Топтық жұмыс
1топ: Диқан баба қандай адам? (Сипатта, суретте)
2 топ: Аңыздағы кейіпкерлердің мінез-құлықтарын сипатта.(Молшылық кездегі адамдар мен ашаршылық кезіндегі адамдарды салыстыр)
3 топ: Ролге бөліп орындау.
4топ: «Нан алдымзға қалай келді?» тақырыбында суретте.
3.Ойтолғау
-Балалар, топпен жұмыстарыңды аяқтасаңдар. Жұмыстарыңды іліп, қорғай қойыңдар.
Мақал-мәтел.
«Еңбек етсең, ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» Абай.
Ойын: «Нан пісіру жолы» кластерін құрастыру.
Ойынның сұрақтары:
1.«Ашаршылық көрмеген-ас қадірін білмейді,
Жаяушылық көрмеген- ат қадірін білмейді.»,- деген мақалды қалай түсінесің?
2. Дәнді дақылдарға нелер жатады?
3. Бір бала ортасында шұжығы бар нанының жартысын жер, қалғанын жолдың шетіне лақтыра салғанын сен байқап қалдың. Сен не істер едің?
4.»Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, қыдыр тұт»,- деген мақалды қалай түсінесің?
5. Молшылық кездегі адамдар қандай болды?
6.Диқан баба адамдарға не үйретті?
7.Аңызды оқи отырып, қандай ой түйдің?
-Міне балалар, нан алдымызған нан болып келуі үшін де қаншама маңдай тері төгіледі екен.
4-топтың жұмысымен қорытындылап кету.
-Топ басшылар бағалау парақтарын таспсыра қойыңдар.
Үй тапсырмасы:
1.Аңызды түсініп оқу.
2.Аңыздың негізгі ойын өмірмен байланыстырып эссе жазу.
Бағалау мадақтау,ескертулер жасау
-Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Сабақ сендерге ұнаған болса, несімен ұнады және қандай қорытындыға келдің, өз пікіріңді стикерлерге жазып, пойыз вагондарына жапсыра қойыңдар.
Балалар дөңгелене тұрды.
Амандасты.
Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтты.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Үйге С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттқа айту.
Жаттаған өлең шумақтарын айтады.
Жауабы: Дән
Жауабы:Бидай.
Дәнді дақылға жатады.
Егін егеміз.
Жүгері, қарабидай,
сұлы, күріш, арпа,
жүгері т.б.
Балалардың жауаптарын тыңдау.
-Диқаншы.
Аңыз дегеніміз-адамның ерлігі, жақсы қасиеттері елден елге, ауыздан –ауызға тараулуын айтады.
Өздеріне ұнаған гүлдерін таңдап, топтасып отырады.
Оқулықтарымен дәптерлерін ашып, күннің жады мен жаңа тақырыпты жазады.
Балалар аңызды мұқият тыңдап, оқығанда сұқ саусақтарымен жүргізіп отырды.
Өз ойларын айтты.
Түсінбеген сөздерін сөздіктен қарап, сөздікпен жұмыс жасады.
Адал, мейірімді, кешірімді, т.б.
Молшылық кезде-кесірлі-кепиет сөз айтты, ысырап қылды.
Ашаршылық кезінде-құлшылық қылып, жалынды. Тер төгіп, еңбектенуге үйренді.
Аңызды ролге бөліп орындады.
Жер жырту, егін егу, суарып-баптау, т.б. суреттеді.
Балалар тапсырмаларын ортаға шығып, топпен орындаған жұмыстарын қорғады.
Балалар өз ойларын айтып, ой бөлісті.
Ой бөлісті.
Берілген
сұрақтарға
жауап
беріп,
«Нан пісіру жолы» кластерін
құрастыру
ойынына
белсене
қатысты.
Топ басшылар сабаққа қатысып отырған оқушыларды белгілеп отырған бағалай парақтарын тапсырды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды.
Ойларын білу.
Ой пікірлерін стикерлерге
жазып пойыз вагондарына
жапсырды.
Ж.Молдағалиев атындағы №2ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Уразгалиева Салтанат Сұлтанқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.