.
.
Тақырыбы: Әділбай Табылдиев “Аппақ бала” Әділбай Табылдиев “Аппақ бала”
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2640 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Жүйелі сөйлеуге үйрету, мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру арқылы өз ойын еркін айтуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: панорамалық сабақ
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Көрнекілігі:слайдтар,үнтаспа
Барысы:
І.Ұйымдастыру «Мен саған сенемін» тренингі
Жүргізілуі: Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, кейін өз ойларын кезекпен айтады: «мен саған сенемін, өйткені сен..» адамның бойындағы жақсы қасиетін айтады. Осы кезде жағымды музыка ойнап тұрады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жоспар:
• Ернардың қиналған сәті.
• Апасына айтқан өтініші.
• Тасымалдаудың қажеттілігі.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ой қозғау
1. Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (оқушылардың өз пікірлерін тыңдау)
2. Бұл баланың осылай жүргені дұрыс па?
3. Мұндай баланы қандай бала деуге болады?
1. Енді мына суретте кімді көріп тұрсыңдар? (өз ойлары тыңдалады)
2. Бұл қандай бала?
Венн диаграммасы
1. Балалар, сендер қай баланы таңдар едіңдер?
2. Неге бұл баланы таңдадыңыздар?
3. Аналарыңыз сендер таза, аппақ бала болып жүрсеңдер сендерді қалай еркелетеді?
Автор туралы мәлімет.
Әділбай Табылды 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы “Жаңа тұрмыс” ауылында дүниеге келген. Балаларға арнап 31 кітап шығарды. “Қайырлы таң, балалар” атты таңдамалы жинағы шықты.
Мәтінді оқыту
Мәтін бойынша сұрақ - жауап
1. Асанға анасы неге жуынып, таза жүр деді?
2. Жуынып, таза жүрудің денсаулыққа қандай
пайдасы бар?
3. Сымбатты болу үшін не істеу керек?
4. Өзіңнің күн тіртібің туралы айтып бер.
Дәптермен жұмыс
Есіңде болсын!
1. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқаңды салқын сумен күніне бір рет жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
2. Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді.
3. Ішкен –жеген сайын, ертеңді-кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруларының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалауышпен жақсылап тазла. Тісіңді күнде жатарда тазала. Мәусегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын.
Сөздік
Мәусек – тіс щеткасы
ІV.Сергіту сәті
Балалар шеңбер құрып, “Бұл не?” әнін айтады.
1. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың. Бұл не?
2. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сүртеді колыңды,
Сүртеді жоныңды. Бұл не?
3. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар. Бұл не?
V.Шығармашылықпен жұмыс
“Тазалықты сүйемін”тақырыбына төрт жол өлең жазу.
VІ. Қорытынды
Синкуин
Кім? Асан
Қандай? Таза, ақылды
Не істеді? Тыңдады, жуынды, шынықты
Сөйлем Асанды “Аппақ бала” дейді.
Синоним. Оқушы
VІІ. Үйге тапсырма
“Тазалық – денсаулық кепілі” тақырыбына эссе жазу.
VІІІ. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.