.
.
Жарық орта мектебі Дина
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1472 | Размер: | Автор: Нартай4540Бастауыш сынып мұғалімі :
Әлкен С.С.
Ана тілі 4Б сыныбы.
Тақырыбы: Дина .
Авторы :С.Бақбергенов .
Сабақтың мақсаты : Білімділік:
Оқушыларға күй атасы Құрманғазы мен оның талантты
шәкірті Дина жөнінде білетіндерін толықтыра түсу.
Дамытушылық:
Көркем сөзді сөздік қорларына қолдану арқылы ауызша
сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру арқылы
шығармашылық ізденіске баулынады.
Тәрбиелік:
Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық
тәрбие беріледі
Көрнекілігі: Мәтін авторы: С.Бақбергеновтың суреті.
Құрманғазы , Динаның суреттері.
Тірек сызбалар .
Түрі: Жаңа білім беру.
Әдісі : сұрақ-жауап , проблемалық жағдаят.
Қолданылатын технология :
Сын тұрғысынан ойлау мен жазу (топпен жұмыс)
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , бейнелеу, музыка.
Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұныны меңгереді. Жаңа сөздер
үйренеді. Тапсырмаларды орындау арқылы
шығармашылық жұмыс жасайды, өнерді
құрметтеуге деген көзқарасы қалыптасады..
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Ой ашар. ( Оқу құралдарын дайындату, назарларын сабаққа аудару,. Амандасу , түгендеу. Бір –біріне сәттілік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .
Зейтін Ақышев .Жаяу Мұса . Жоспар бойынша мазмұндау.
• Шоқанның күтушісі , әрі серігі- Мұса.
• Шоқанның өз нағашысы - Мұса.
• Тәттімбеттің Мұсаға бата беру және Мұсаның өнері.
Үй тапсырмасын қорыту:
• Мұса Байжанұлы қашан туды?
• Қай жылы қайтыс болды? ( 1835-1929 )
• Қандай өлеңдерін білесіңдер?
(«Көгаршын», «Сұрша қыз» «Ақ сиса »)
ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)
Енді жаңа сабағымызға көшпес бұрын мынаны біліп алайық.
-Өнерлі деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Сегіз қырлы бір сырлы адам .
-Ендеше , өнерлі адам туралы не білесің және не білемін деп ойлайсыңдар?
Жеке жұмыс ( 1 мин)
- жұптасыңдар ( көршіңмен ақылдас)
- топтасыңдар
биші
ақын әнші
жыршы
спортшы
күйші
( тақтаға жазылады , шыққан топ жоқ сөздерді ғана жазады)
Олай болса , бүгін біз атақты күйші Құрманғазы мен шәкірті Дина әжеміз жайлы мағлұмат алмақпыз.
(Әңгіме авторына тоқтала кету)
С.Бақбергенов Оңтүстік Қазақстан облысы , Созақ ауданында 1920 жылы дүниеге келген. 1997 жылы қайтыс болған.
Алдыңғы сабақта Құрманғазы мен Дина жайында мағлұматтар жинақтап келуге берілген тапсырма бойынша кім дайындалып келді?
( 2-3 оқушыдан сұрау).
ІІІ .Мағынаны тани білу / бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыра білу/
- Оқулықпен жұмыс. ( тізбекпен оқу )
- Тапсырма .( Мағынасы қиын сөздерге белгі қойып отыру).
- Сөздік жұмыс
- Дәптермен жұмыс.
- Суыт- асығыс ,
- Кілтипандарын –құпиясын
- Жігері құм болды- дәрменсіз күйге түсті.
- Құқай –қиындық
- Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұныны айтқызу.
Ой толғаныс ( оқушы алған білімі арқылы шешімге келеді.) Шығармашылық жұмыс.
«Қайран шешем » күйін магнитафоннан тыңдай отырып тапсырмаларды орындау
І топ . Мәтіннен осы күйдің шығу тарихы жөнініде айтылған тұсты тауып
оқы.
ІІ топ . Құрманғазының анасы жөнініде пікіріңді білдір.
ІІІ топ. Мәтінге сүйеніп , солдаттардың қарсы қарсы алдына келіп тақаған
Құрманғазының бейнесін көз алдыңа еелестетіп көр.
IV топ. Мәтінге сүйеніп , Құрманғазыны шығарып салып тұрған топ ішіндегі
Динаның бейнесін көз алдыңа елестетіп көр .
V топ. Мәтіннің соңғы сөйлемін қайталап оқып шық. Осы жолдардағы ойды
өрбітіп , әңгімені өз бетіңше жалғастырып көр.
Қорытынды.
Білемін . Білмеймін. Білгім келеді.
Дина Не үшін тұтқынға алынды? Құрманғазының күйлері
Құрманғазы Ақырғы өтініші не болды? Динаның қандай күйлері бар
Күйші Олардың ұрпақтары бар ма?
Бағалау .
Үйге тапсырма:
І топ . Құрманғазының күйлері.
ІІ топ . Динаның күйлері
ІІІ топ . Құрманғазының өмірбаяны .
IV топ.Динаның ұрпақтары
V топ. Сурет салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.