.
.
Батыс Қазақстан облысы «Дина» С.Бақбергенов
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: Нартай4540Орал қаласы
№43 орта жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жалғасова Армангүл Жалғасқызы
Сабақтың тақырыбы: «Дина» С.Бақбергенов
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Күй атасы Құрманғазы мен оның талантты шәкірті Дина жөнінде терең мағлұмат беру,өнер адамына құрмет сезімін туғызу,сөздік қорларын молайту.Тәрбиелік: Д.Нұрпейісованың өнердегі туындылары арқылы, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын арттыру,қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топтау,салыстыру,көрнекілік.
Көрнекілік: Суреттер,техникалық құрал,мақал-мәтелдер жазылған плакат.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын тексеру. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса»әнін орындау.
1.Мұстафа кім?
2.Мұса неліктен «жаяу»атанды?т.б сұрақтар.
Үнтаспадан күй тыңдалады.(жана тақырыпты ашу мақсатында қолдандым.)
-Күй қандай аспаппен орындалады(домбыра)
-Қандай күйшілерді білесіңдер?
(Оқушылардың жауабы тыңдалады)
-Халық кегінің күйшісі деп кімді айтамыз?
-Құрманғазы домбырама иелік ет,мұрагерім бол!-деп кімге айтты ?
Бүгінгі сабағымыз күйші әжеміз Динаға арналады.
3.Жаңа сабақ
1.Д.Нұрпейісова,Қ.Сағырбаевтың өмірбаянымен таныстыру.
2.Күйлердің шығу тарихымен таныстыру.
«Қайран шешем»күйінің шығу тарихын айтып,үнтаспадан тыңдату.
Топтық жұмыс.
1 қатар Құрманғазы.
2 қатар Дина
3 қатар Ұқсастығы(екі өнер адамының ұқсастығы)
Кесте толтыру
Жағымды кейіпкер Жағымсыз кейіпкер
Бекіту сұрақтары.Қорытындылау.
Үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып «Т»кестесін толтыру.
Тақырыбы
Жаяу Мұса Дина
Авторы
Зейтін Ақышев Сәуірбек Бақбергенов
Кейіпкерлері
Шоқан, Тәттімбет, Құрманғазы,Дина, анасы,
Мұса, Мұстафа. Кенже
Қандай жағымсыз қасиеттер туралы білдік?
Қызғаншақтық Әділетсіздік
Жағымды кейіпкерлерді ата
Шоқан, Тәттімбет, Құрманғазы,Дина, анасы, Жаяу Мұса. Кенже.
Қандай қасиеттерімен ұнайды?
Өнерімен,қамқоршылдығымен, Зеректігімен, зиялылығымен.
Білімділігімен.
Қалай аяқталды?
Мұса еңбегін халық бағалады. Ұлы күйшінің Динаға сенім артуымен
Қандай қорытынды жасауға болады?
Өнер адамдарын құрметтеу керек.Өнерді сүйе білу керек.Сезіне түсіне білу керек.
Үйге тапсырма
Дина,Құрманғазы туралы деректер жинау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.