.
.
Ашық сабақ. Дос сөзі Н. Ғабдуллин
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2497 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Дос сөзі Н. Ғабдуллин
Мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын ашу, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
2.Оқушыларды тәй-тәй бағдарламасымен жұмыс жасай отырып, өз беттерімен ойлана
білуге, қорытынды жасай білуге машықтандыру;
3.оқушыларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, қатігездіктен аулақ
болу.
Көрнекілік: Орталық тапсырмалары, дос сөзі, бұлт, күн суреттері, балалар аттары, мақалдар.
Сабақ барысы:
А)Ұйымдастыру.
1.бір-бірімізге сәттілік тілеу.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
2.Мен де сендерге сәттілік тілеймін!
Б)Үй тапсырмасын тексеру.
1.Құстар айтысы мәтінін мазмұндап айтқызу.
2.Алауыздық, береке, ынтымақ тақырыптарына 3 қатар мәтін құрастырып келеді. Соны оқып шығады. «Ең керемет шығармашы» атты жұлдызшаны омырауларына қадау.
В)Жаңа сабақ.
Балалар бүгін біз «Дос сөзі» деп аталатын Нығмет Ғабидуллиннің мәтінін оқимыз. Нығмет Ғабидуллин 1927 жылы 26 желтоқсанда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл деген ауылда туған. Алматы педагогикалық университетінің профессоры. Ол биыл 75 жаста. Олай болса, алдымен сендер дос сөзіне топтастыру стратегиясын жасап көріңдер. Кім қалай түсінеді екен.
Күні үшін Шыншыл көмек беру
Жанашыр Адал дос
Тұрақсыз Сатқын
Түсіне білетін Нағыз дос
Амал Сөз көтеретін
Қиналғанда көмектесетін
Дұрыс дос дегеніміз осындай деп ойларымызды білдіріп жатырмыз.
Ал енді біздің жазушы атамыз дос туралы мәтінінде не айтты екен, қане ішімізден оқып шығайық.
Енді түсінгендеріңді білу үшін, сұрақтарға жауап берейік.
Тақтада бұлттар тұр, сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, бұлттың артындағы мақалды оқи аламыз.(Әр сұраққа жауап бергенде бұлттардың артын ауыстыру).
1.Сынып жиналысында әңгімені кім бастады?
2.Нұрлан мен Әсет қандай дос еді?
3.Нұрлан кім туралы сөйледі?
4.Ол Әсет туралы не айтты?
5.балалар Нұрланның досын сынағанына қалай қарады?
6.Нұрланның досы туралы айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Оқушылар пікірі.
Ал жақсы олай болса, мында сендер жауап берген сұрақтар артында мақал шықты, қане оқып шығайық:
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Осы мақалдың әңгімеге қатысы бар ма?
Оқушылар ой-пікірі.
Жарайды дұрыс. Сонымен шын дос болсаң, досыңның дұрыс болғанын қалайды екенсің. Жұрттың алдында оны ұялтып, келеке етуге емес, тек жақсы оқушымын деп қоймай, жұмысқа, еңбекке де теріс қарамауын алдағы уақытта жалқау болмау керектігін айтып, жаны ашитындығын айтты. Ал досына жаны ашымаса, олай етпес еді. Түсінікті ме енді сендерге, түсініксіз сөздер бар ма?
1.Қыл өтпейтін – өте тату, жақын деген сөз.
2.Оқыс – ешкім күтпеген жағдай.
3.Олақ – ұқыпсыз, қолынан түк келмейтін деген сөз.
4.Қырсыздығы – икемі жоқ, ебі жоқ деген сөз.
Г) Жақсы мәтін бізге түсінікті болды. Олай болса орталықтарға бөлініп жұмыстар жасайық.
1.Оқу орталығы:
1.Мәтіннен Нұрланның сынаған сөзін теріп оқы.
2.Әсеттің Нұрланның не айтпағын алдын ала ойлаған жерін оқы.
3.Әсеттің өз қателігін мойындамаған жерін тауып оқы.
4.Жиналыстан кейін не болды? Әсет не істеді? Сол жерін тауып оқы.
5.Нұрланның сөзінен кейін не болды?
6.Әсет пен Нұрлан туралы, достығы туралы айтылған жерлерді тауып оқы.
1.Мәтіннен тапсырылған жерлерді мәнерлеп тауып оқу.
2.Шығарманы талдау.
2.Өнер орталығы:
1.Мәтінді жақсылықпен аяқтап, екі дос туралы сурет сал.
3.Жазу орталығы:
1.Менің досым. Сыналған дос деген тақырыптарда шығарма жаз.
2.Достық туралы мақалдардан біреуі
1.Мәтіннен Нұрланның сынаған сөзін теріп оқы.
2.Әсеттің Нұрланның не айтпағын алдын ала ойлаған жерін оқы.
3.Әсеттің өз қателігін мойындамаған жерін тауып оқы.
4.Жиналыстан кейін не болды? Әсет не істеді? Сол жерін тауып оқы.
5.Нұрланның сөзінен кейін не болды?
6.Әсет пен Нұрлан туралы, достығы туралы айтылған жерлерді тауып оқы.
1.Мәтіннен тапсырылған жерлерді мәнерлеп тауып оқу.
2.Шығарманы талдау.
2.Өнер орталығы:
1.Мәтінді жақсылықпен аяқтап, екі дос туралы сурет сал.
3.Жазу орталығы:
1.Менің досым. Сыналған дос деген тақырыптарда шығарма жаз.
2.Достық туралы мақалдардан біреуін алып мағынасын түсіндір.
Мақалдар:
1.Жүз саның болғанша,
Жүз досың болсын.
2.Қимас досың сұраса,
Қимасыңды бересің.
3.Достың мыңын алма, бірін ал.
4.Ақылсыз достан сақтан.
5.Пайдасыз мың жолдас, жоқпен тең,
Жанын қиған бір жолдас көппен тең.
6.Доссыз өмір, тұссыз ас.
Д)Орталықтар жұмысын бағалау.
Е)Қорытындылау.
Сонымен балалар бүгін біз Дос сөзі деп аталатын мәтінді оқыдық. Оқыған мәтін бәрімізге ұнады. Солай ма? Сонымен бізге мәтіннің мағынасын ашып, кеңірек түсіндік деп ойлаймын. Мана бізге сабақ сондай көңілсіз бұлтпен тең болып еді, енді өнер орталығы екі досты татуластырып, көңілді етіп тастады.
Олай болса, көңіл-күйімізді енді мен күнге теңегім келіп тұр. Мынау жап-жарық күніміз. Енді күнді одан әрі күлдіріп, шапақтарын орналастырайық. Қане сонымен нағыз дос қандай болу керек екен, сендер қанша сөз айтсаңдар, сонша арай күн көзінен шықпақ:
Жанашыр
Өз бауырындай шыншыл
адал қамқор
қол ұшын беретін мінін айтып, түзейтін
сатқын емес
Өте жақсы. Енді сабағымыз күндей нұрлы өтті деп ойлаймын. Кәне орнымыздан тұрайық:
Досым-ау, досым-ау,
Күніміз көңілді-ау.
Қашанда бірге боп,
Күліп біз жүрсек-ау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.