.
.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар еліне саяхат Дыбыстар еліне саяхат
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2322 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстардың
ерекшелігі туралы түсінік беру.Тапсырмалар орындату
арқылы дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін байыту,жалпы
ой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.кеспе әріптер,суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.
ІІ.Шаттық шеңбері
Қуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар, біз өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?
-А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Алфавит сыры:
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде ?
Түсінші.
А деген ол-
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-
Әкелер ғой салмақты,
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі...
-Балалар дыбыстардан не құраймыз?
-Буын.
ПА,НА,ША,ТА,УА,РА,ҒА,ЛА,
-Буыннан не құраймыз?
-Сөз.
ШАНА,ТАНА,ПАНА,АУА,АРА,АҒА,АЛА,АТА.
-Сөзден не құраймыз?
-Сөйлем.
Балалар шанаман ойнады.
Анарды ара шақты.
1-тапсырма
Сыныптағы дауысты дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Сыныптағы дауыссыз дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс?
У дыбысы
2- тапсырма
Суреттердің атын атап,тақтаға жазып,дыбыстық талдау жасау.
Сөздерді буынға бөліп,сөйлем құрау.
Суретке қарап әңгіме құрау.
Дәптермен жұмыс.
Сергіті сәті.
Бас бармақ -әкем,
Балаң үйрек-шешем,
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шүмек-әпкем,
Кішкентай бөбек –мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз?
3-тапсырма
«Адасқан әріптер» ойыны.
4-тапсырма
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны коймайық.
«Қазақстан» сөзжұмбағын шеше отырып,сабақты қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.