.
.
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі Ғ дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7044 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың міндеті: Ғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, ғ айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету
2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Есту диктанты:
Арыстан орманда. Орманда аңдар мол. Олар аң аулады.
Жаңа сабақ
Қолымда шалғы –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
(Ғ)
Ағада бар,
Менде жоқ.
Жағада бар
Жеңде жоқ. (Ғ)
Мұғалім аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстырады
(А-ғ-ғ-ғ, жа-ғ-ғ-ға)
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтың осы бетіндегі баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құратуға болады. Сөздік жұмыстарын жүргізу де қажет.
Мұғалім «Ол – Сағат аға. Сағат аға шалғы тартты» деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, меңгертткеннен соң, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен оларың қатарын арттыруға болады. Сөйтіп, әңгімеге ат қойылады.
Дәптермен жұмыс
Жазу дәптерінің 6-бетіндегі жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар Ғ дыбысының бас әрпін жазып үйренеді. Бас әріптен басталатын сөздерді жазып, көркем жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Олар суретке және сызбаға сүйеніп, сөйлем құрап жазады.
Қорытынды
Балға , таға,ибұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.