.
.
Сабақтың тақырыбы: Қ қ дыбысы мен әрпі Қ қ дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2749 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қ қ дыбысы мен әрпін таныту,оның
сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту,сөздерді оқу мен
жазуға үйрету.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын,сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Ұқыптылыққа,таза,әдемі жазуға,дұрыс оқуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,слайд.кеспе әріптер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық жасау.
-Кәне,балалар,қазір қай сабақ болады?
Қазір сауат ашу сабағы.
Бүгінгі сабақ ашық сабақ,көп қонақтар қатысып отыр.
-Кәне,қонақтармен амандасайық.
Қуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздерме!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
Қатар-қатар тізіліп
Қолымызды түсіріп
Түп-түзу болып отырайық.
-Балалар, біз сауат ашу сабағынан не үйрендік?
-Әріпті,дыбысты,сөзді,сөйлемді.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
Осы әріптердің өз ретімен орналасуы «Алфавит» деп аталады.
Алфавит сыры:
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба,Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде ?
Түсінші.
А деген ол-
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-
Әкелер ғой салмақты,
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі...
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-Балалар дыбыстардан не құраймыз?
-Буын.
ПА,НА,ША,ТА,УА,РА,ҒА,ЛА,
-Буыннан не құраймыз?
-Сөз.
ШАНА,ТАНА,ПАНА,АУА,АРА,АҒА,АЛА,АТА.
-Сөзден не құраймыз?
-Сөйлем.
Балалар шанаман ойнады.
Анарды ара шақты.
Ал,балалар біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы
- О дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты
- Кәне,айтып көрейік
- О-о-о
- О дыбысына қатысты сөздер айтып көрейік.
Орамал,орақ,ору,ойна,ойла,от,тон,қол,қора,қола т.б.
О дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі,сөз соңында кездеспейді.
Слайд. Орман.
-Орман сөзін буынға бөліп көрейік.
-Ор-ман
-Неше дыбыс,неше әріп бар?
-Орманды сендер білесіңдер ме?
-Орманда нелер тіршілік етеді ?
-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Кел,тыңдайық ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Талай ғажап оқиға
Естіген жан елтеді.
-Ерте,ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп,құстар сайрап,аңдар тіршілік етіпті.Түн болып,орман да,ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің
барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті.Тым-тырыс.Сәлден соң тау арасынан күн де
сығалады.Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап-жақсы жаңғыртып жібереді.
-Ол қандай құс?
-Тоқылдақ
-Тоқылдақты,орман емшісі дейді.Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды
жеп емдейді екен.
Сонымен,тоқылдақ «Ерте тұрып,еңбек етсін» деген оймен теректің басына қонып айғай салады.
Тоқылдақ: Тоқ-тоқ-тоқ
Күн шықты енді ұйқы жоқ ,-деп теректің қабығын қаққылап жатады.Тоқылдақтың айғайына ызаланып,ұйқысы қанбаған аңдар
ояна бастайды.Кейбір аңдар тоқылдақтың айғайын елемей,ұйықтап жата береді.
-Ол қандай аңдар екен?
Жұмбақ
Қалқиған екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Қонжық)
Аузы бейне шалғы,орақ,
Шөп емес,бірақ мал орады.
(Қасқыр)
Бұл аңдар да оянып,ашуға булығып,ызалана бастайды.Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ,енді олармен достасудың амалын іздейді.
Балалар ол бізден көмек сұрайды.Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді.
Сол тапсырмаларды орындасақ,тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен.
1-тапсырма слайд
-Қасқыр,қоян,қонжық деген сөздерде бірінші қай дыбыс естіліп тұр.
-Қ дыбысы
-Кәне, бәріміз Қ деп айтып көрейікші
- Қ Қ Қ қалай айтылып тұр?
-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр...
-Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Қоян,қонжық,қасқыр сөздерің буынға бөлейік
Қо-ян,қас-қыр,қон-жық
2-тапсырма слайд.
Қаз ,қарлығаш,қарға,тоқылдақ-құстар.Құстар адамға дос.Құс жұмыртқасын
алма.Құстарға қамқорлық жаса.
Қаз,қарлығаш,қарға,тоқылдақ деген сөздерде Қ дыбысы қай жерлерде кездеседі?
Сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.
3-тапсырма слайд
Қ дыбысынан басталатын сөздер айту.
Қара,қора,қошақан,қол,қағаз,қалам,қала сөздерін буынға бөлу,мағынасын түсіндіру.
4-тапсырма
Оқулықпен жұмыс.
5-тапсырма слайд
Ребус шешу «Қара»
6-тапсырма
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
7-тапсырма слайд
Ойын: «Адасқан буындар» буындардан сөз құрап, сөзге дыбыстық талдау жасау.Сөйлем құрау.
Осы тапсырмаларды орындап,тоқылдақты аңдармен достастырдық.
Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.