.
.
М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіптік мектеп – кешені Ө дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1711 | Размер: | Автор: Нартай4540Бастауыш сынып мүғалімі: Жадырасынова Сауле Есмырзақызы
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар,ребустар,слайдтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық .Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде,
Қарсы алайық, достарым!
Келді қонақтар бізге.
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! (Шапалақтау) Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, неше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай не деген керемет! (Орманның суретті, құстардын дауысы естіледі).
Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларын сәтті болсын!).
Орманда нелер өседі?
Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.
Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).
Тапсырмалар: жапырақта жазылған.
1. Дыбыс деген не?
Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
2. Әріп деген не?
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
3. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
4. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
II. Өткенді қайталау.
Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы – Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы. ( Көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (Ө дыбысы)
Ө дыбысы неге ұқсайды?
5. Дыбыстық талдау жасайды, Өрік – Бөрік сөздері.
Жақсы. Ал орманды әрі қарай аралайық (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда “Мектептеріне” жиналып “Орман әліппесін” оқымақшы екен. Ал, қане біз де әіппемізді ашайық (60-61 бет).
6. “Шырын” мәтінін оқыту(61 бет).
III. Жаңа сабақ.
Кітаппен жұмыс (61 бет).
7. “Баспалдақ” ойыны.
Салыстыра оқу. Оң жақ –Сол жақ.
8. Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Ал,енді аңдармен бірге қаншама тапсырмалар орындадық, әрі карай орман ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).
Неге тоқылдақ орман емшісі деп ойлайсындар?
Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті. Карточкамен жұмыс.
9. Буындардан сөз құра.
10. Ребусты шешу. Сөйлем құрастыру.
11. Төрт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Жақсы, әрі қарай жүрейік (Тырна суреті).
Балалар ұшып келе жатқан қандай құс екен?
Ол орман хабаршысы Тырна. Тырна бізге хат әкеліпті. Хатты оқып беремін. (Қоян суретті шығады). Сегіту сәтті. Дәптермен жұмыс. ( Тік отыру үлгісі).
IV. Бекіту
Жұмбақ жасыру (Көбелектін суреті).
( Өрмекшінін суреті).
Поэзия минуты (Өленді жаттау).
12. “Сиқырлы сөздер”.
13. ( Қасқырдын суретті) “Жоғалған әріпті тап ойыны ”.
14. Жаңылтпашты жаңылмай айт.( Қарғанын суретті).
V. Сабақтың қортынды кезеңі:
Бүгінгі сабақта қайда бардық?
Ұнады ма?
Нелермен кездестік?
Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?
Мен де ризамын.
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге,
Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге.
Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге!
Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.