.
.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Егеменді еркін ел.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1716 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Дүниетану
Тақырыбы:
Егеменді еркін ел.
4-сынып жетекшісі
Сансызбаева Айгүл Ноктырқызы
Сарыкемер ауылы.
Сабақтың тақырыбы: Егеменді еркін ел.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сабақтың мазмұнын ашуға егеменді, тәуелсіз ел жайында мемлекетімізге байланысты білім беру.
Дамытушылық: Оқып-білу жұмысын ұйымдастыру, мақсат қоя білуге және бұрынғы КСРО құрамы жайында ой өрбіту, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, оқып-білу, түртіп алу, «БҮБ стратегиясы» Тренинг. «Рахмет, Алғыс айтамын»
Типі: дамыта оқыту.
Көрнекіліктері: ҚР физикалық картасы. Н.Ә.Назарбаевтың суреті, буклеттер, оқулық, үлестірмелі карточкалар БҮБ стратегиясы
Сабақтың барысы: І. Дайындық кезеңі
Психологиялық дайындық. «Қазақстан Республикасы – менің Отаным. Мен, тәуелсіз, болашағы зор, еркін және құдіретті елдің азаматымын».
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
- Сен қай елдің азаматысың?
- Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
- Бейбітшілік, егемен, тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесің?
Мағынаны тану.
Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. (оқушылардың ойын сұрау)
Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттің басшысы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Республикада халықаралық қатынасымен өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталған ірі империяның құрамында еді.
Бұл ірі империя «Одақдас Республикалар» деп аталған.
Сергіту сәті.
Біз туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасының жас азаматымыз.
Тәуелсіз жеріміз бен елімізді әке, аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының (Қазақ КСР-і) мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылы 10 желтоқсаннан бастап КСР-і Қазақстан Республикасы деп атала бастады.
1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болды.
1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Қазір Нью-Иорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимаратының алдындағы салтанантты алаңда әлем мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк Туы желбіреп тұр.
16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні деп мерекеленеді.
«Елу елдің бірі болу мүддеміз,
Елі сүйген Елбасымен біргеміз» - демекші елімізді қандай жетістіктері арқылы әлем таныды?
2010 жылы 1 желтоқсанда Қазақ халқы Астанада абыройды асқақтатқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Саммитін өткізді.
2011 жылы 30 қаңтары еліміздің спорт тарихындағы айтулы күнге айналды. VII қысқы Азиада ойындары «Астана-Арена» стадионында салтанатты түрде ашылды, т.б. (оқушы ойын жалғастыру)
Білімді қорыту:
Сұрақ-жауап.
1. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
3. Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды?
4. Қазақстан мен Түркияның, қазақ халқы мен түрік халқының арасында қандай байланыстар орнады? т.б.
БҮБ стратегиясы.
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Бүгінгі таңда осындай бейбіт өмірде бақытты болғаның үшін кімге алғыс білдіресің?
Тренинг
Үйге тапсырма.
Шығармашылық жұмыс «Егеменді еркін ел»
Бағалау. Оқушыға өз жұмысын бақылатып, бағалату.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.