.
.
Бекітемін: Э дыбысы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1369 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы.
Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана
қолданатынын түсіндіру;
ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;
б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру. Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.
Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Балаларды сабаққа дайындау.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Терме диктант.
Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.
Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.
«Жанұя» саусақ гимнастикасы
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.
Фонетикалық жаттығу «Шақыру»
- Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.
Дәптер мен жұмыс.
Өз бетіндік жұмыс.
3-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Э әрпі бар сөздердің астын сыз.
Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»
Тербеледі агаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкене агаштар,
Су құйганда өседі.
Топтық жұмыс.
4-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы.
Э дыбысы кездесетін сөзді тап.
Мәтіннің екінші бөлімін көшіріп жаз.
Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы
Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі
Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-
Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.
5-жаттығу.
Адасқан әріптердің тиісті орындарын тауып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
ІҮ.Қорытынды.
Ү.Үйге тапсырма
2-жаттығу.
Сөздерді көшіріп жазып,жазылуын есте сақта.
Экология,эмблема,экскаватор,экран,экватор.
Эмблема сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ҮІ.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.