.
.
Сабақтың тақырыбы: Екі дос. М. Қуанышбаев. Екі дос. М. Қуанышбаев.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1867 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімдік: аңыздың мәнін түсіндіру, идеясын ашуға деген талпынысқа жетектеу.
Дамытушылық: адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ашып көрсету арқылы қарама-қарсы ұғымдар туралы шындықты түсінуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: балаларды адамгершілік пен қаталдықты ажыратуға, достық деген ұғымды қастерлеуге төрбиелеу; тақырыпты өмірмен байланыстыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: оқулық, бор, маркер, плакат.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту.
Ескерту. Оқушылар мүмкіндік болса, топпен отырса.
Балалар орындарынан тұрады, әр оқушыдан жанындағы сыныптасына бұрылып, бір-біріне ұйқасқа құрылған марапат сөз айту сұралады. Мысалы: Ақылды Айжан, тыңғылықты Төлеген,...
- Балалар, сендердің бір-бірлеріңе жасаған құрметтеріңе қарап, мен өте риза болып тұрмын. Нағыз достар мен жолдастар осындай-ақ болар! Сендер өз достарыңды қандай тапқырлықпен дәріптедіңдер!
2. Мағынаны тану.
Ендеше біз бүгін «Екі дос» деген аңыз әңгімені оқимыз.
Егер мүмкіндік болса, мәтін компьютерге теріліп, мынандай бөліктермен жеке-жеке бөлініп жазылады да, балалардың алдына қойылады.
1- бөлік. Басынан бастап, «Қолға түскен қазақ азаматтарын айдап әкетіпті» деген сөйлем қоса алынады.
2- бөлік. «Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі» деген сөйлемнен бастап, «...Досымды босатсаңдар, еңқымбат өмірімді қияр едім, - дейді» деген сөйлемге дейін.
3- бөлік. «Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады...» деген сөйлемнен бастап, соңына дейін.
Оқушылар осы бөліктерді оқып, өздері әңгіменің бас-аяғын ретімен орналастырып, оқуға дайындайды. Неге бұлай орналастырғандарын түсіндіреді, дәлелдейді.
Ескерту. Бұл стратегияны пайдалану әдісін Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» тақырыбын оқуда пайдаланғаныңызды есіңізге түсіріңіз.
- Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, қолбасы досы үшін өзін өлімге қиған батырга қандай жаза қолданады? Әлде басқаша болар ма екен?
Оқушылардың болжамдары тыңдалады. Тіпті, бұл жерде аңызды бұрын оқып алған бала болса да, ол қолбасының қандай болғанын қалайтынын, досты өлімге қиғысы келмейтінін бала жауабынан байқайсыз.
- Оқиғаның осылай аяқталуы саған ұнады ма? Оның осылай аяқталуына қарап, сендер жаудың қолбасшысын қандай адам деп ойлайсыңдар? Сендер қолбасшыға қандай хат жазар едіңдер?
Қысқаша хат жаздыру. Бұл жұмыс қорытындыланғанда, қатыгездік әшкереленіп, бала жүрегінің мейіріміне, әділдігіне сүйсінетін болармыз.
- Енді біз оқиға қалай аяқталғанын білу үшін аңызды не істейміз?
Тұтқындағы достың аман-есен құтылуын тілеп, оқуға кірісеміз. Әңгіме мазмұны ары қарай талданады.
- Балалар, тұтқын адамды құтқару үшін, ешқандай қиындықтан қорықпастан, досы жаудың қолына өзі келді.
Күнделікті өмірде сендердің бастарыңда қиындық болып қалса, не істеу керегін алдымен ойлану керек пе, жоқ ешқандай ойланбай әрекет ету керек пе? Бұл - өте қиын сұрақ.
Мәтін тұтас шыққан соң, балалар мәтінде кездескен қиын сөздер болса, тиісті жұмыс жасалады.
- Балалар, аңызды жазған адамның аты-жөні көрсетілген бе?
Сұрақ бойынша аңыз туралы түсінік жұмысы жүргізіледі.
3. Ойтолғау.
Оқулықтағы «Қиын сәтте досын тастап кеткен жаман адам туралы қандай әңгіме білесің?» деген сұрақ-тапсырма бұрынғы сыныптарда оқыған әңгімелерін еске түсіру үшін берілген («Жаман жолдас»). Дос және достық туралы мақал-мәтелдермен танысу. Сынып оқушыларының мүмкіндігіне қарай эссе, бес жолды өлең жазу, тағы басқа шығармашылық тапсырма беріледі. Оқушы білімін бағалау мүғалімнің жеке төжірибесі мен іскерлігіне байланысты жүргізілмек. Үй тапсырмасы да ойлануды қажет етеді. Егер мәтін мазмұны толық талданса, үй тапсырмасы үшін тақырып төңірегінде шығармашылық жұмыс жасау тиімді болар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.