.
.
Жариялаған: бастауыш сынып мұғалімі Панжазова Лейла Нурлановна Ел рәміздері.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1727 | Размер: | Автор: Нартай4540«Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ
Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: еліміздің рәміздері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық:оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін, сөздік қорларын,
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: елжандылықққа, ел рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, карточка, сөзжұмбақ.
Сабақтың тәсілдері: топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.
1-слайд.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.
(«Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады)
-Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық.
-Сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 2-слайд.
Сөзжұмбақ шешу: Астана.
1. Жер ортасындағы ең үлкен құрлық? ( Еуразия)
2. Астана – қай өзеннің бойында орналасқан? ( Есіл)
3. Мемлекеттік рәміз? (Ту)
4. Бұрынғы Астанамыз қай қала болды? ( Алматы)
5. Ас атасы --(нан).
6. Ерте заманнан қалыптасқан қандай шаруашылық? (мал)
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. 3-слайд.
1. Блиц-турнир сұрақтары. Оқушы қызығушылығын ояту.
-Астананы картадан тауып, көрсету.
1. Қазақстан батыстан шығысқа қарай қанша киллометрге созылып жатыр? (3000 км)
2. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Жері байдың -.... (елі бай)
4. Қазақстан оңтүстіктен солтүстікке қарай қанша киллометрге созылып жатыр? (1600 км)
5. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? (9)
6. Ит тойған жеріне,.... (ер туған жеріне)
7. Біздің Отанымыз?
8. Біздің Елбасымыз?
9. Басқаламыз?
-әр мемлекеттің өзіне тән белгілері бар. Олар қалай аталады?
-рәміздерді атайық.
Тақтаға тақырыпты жазу.
Әнұран Елтаңба Ту
IV. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді оқи отыра, балаларды жаңа тақырыпқа жетелеу.
1.Мемлекеттік рәміздердің авторларымен таныстырып өту. 4-слайд.
Елтаңбаның авторлары: Шот –Аман Ыдырысұлы Уалихан, Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков.
Тудың авторы: Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
Әнұранның авторлары. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
V. Алғашқы бекіту
2. Мәтін бойынша екі топқа сұрақтар беріледі.
3. Оқулықпен жұмыс: Әнұран-талдау.
Сергіту сәті:
VІ. Бекіту.
1. «Есте сақта» ойыны-жеке жұмыс. 5-слайд.
Шарты: Экраннан бірнеше әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң сурет экраннан алып тасталады. Оқушыларға көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін есте қалған суреттердің атын алдын ала таратылған қағазға түсіру сұралады.
Суреттер: глобус, саңырауқұлақ, ту, аю, , елтаңба, сауысқан, Бәйтерек монументі, әтеш, көбелек.
2. Шығармашылық тапсырма: сөзден – сөз құрау. Жұптық жұмыс. 6-слайд.
3. «Кім зерек?» тапсырмасы. Топтық жұмыс.
Шарты: жаңа тақырып бойынша 2 топқа сұрақ беріледі. Топ мүшелері бірге ойланып, бір оқушы жауап береді.
І топ: ҚР Мемлекеттік туы қандай жерлерге ілінеді?
ІІ топ:ҚР Мемлекеттік әнұран қандай жиындарда орындалады?
-Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
-Біздің ауылымызда ше?
4. Білімдінің көзі ашық. Топтық жұмыс. 7-слайд.
1-топ: Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген?
2-топ: Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
VІI. Қорытындылау. 8-слайд.
А)Сызба арқылы қорыту.
Ә)Үй тапсырмасын беру (1 мин)
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында шығарма жазу
Ізденушілік бағытта: ел рәміздеріне сипаттама жазып келу
VIII. Бағалау. 9-слайд.
Оқушы еңбегін бағалау, мадақтау.
«Белоусовка бастауыш мектеп –балабақша кешені» КММ
Ана тілі.
Тақырыбы: «Ел рәміздері».
(ашық сабақ)
Орындаған: Панжазова Лейла Нурлановна
3 «В» сынып.
2013-2014 оқу жылы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.