.
.
Тақырыбы: Елім менің Елім менің
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1512 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты;1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,
қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетіндамыту.
2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге
шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.
Барысы;
Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-сынып оқушылары.
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.
Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.
.
Олай болса «Елім менің» сайысына қош келдіңіздер! Ортаға сайысқа қатысушы 4 «а»сынып, 4 «ә» сынып,4 «б»сынып,4 «в» сынып, 4 «г» сынып оқушыларынан 3-еуден шақырамыз.
Бүгінгі сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1.Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын айтып таныстырады.
2.Туған ел, Отан туралы өлеңді жатқа мәнерлеп айту.
3.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)
4. Мақал-мәтел сайысы
5. «Болашақтағы елім»
6. «Сиқырлы сөздер әлемі» (капитандар сайысы)
1-кезең Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын айтып таныстырады.
2-кезең. Туған ел, Отан туралы өлеңді жатқа мінерлеп айтады.
3-кезең Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру) 1минут ішінде неше сұраққа жауап бере аламыз.
4 «А» сыныбы
1. Көне заттарды сақтайтын орын? (мұражай)
2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Септіктің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)
4 «Ә»сынып
1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)
2... “Оянған өлке” романының авторы. (Ғ. Мүсірепов)
3. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)
4. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)
5. Балқожа бидің тәрбиесінде болған кім?(Ы.Алтынсарин)
6. «Жеті жарғы» шығарған хан? (Тәуке)
7. Температураны өлшеуге арналған прибор? (термометр)
8. Шетелге шығарылатын тауар? (экспорт)
9. Аспан денелеріне аты берілген ғалым? ( Қаныш Сәтбаев)
10. Адам үндес музыкалық аспап? (қобыз)
4 «Б» сынып
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
4 «В» сынып
1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)
2. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
3. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы кім? (М.Өтемісұлы)
4. Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген? (1803 ж)
5. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)
6. 1. Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?(түбір)
7. Ең терең көл? (Байкал)
8. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қай жылы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілді? (1995)
9. Тілдер мерекесіқашан тойланады? (22 қыркүйек)
10. Тұңғыш қазақ журналы?(«Айқап»)
4 «Г» сынып
1. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология)
2. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
3. Қой пірі? (Шопан ата)
4. «Тоғызқұмалақ» ненің атауы?(ойын)
5. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (хан тәңірі)
6. Жердің табиғи серігі? (ай)
7. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)
8. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» кімнің өлеңі? (А.Құнанбаев)
9. Екі адамның сөйлесуі?(Диалог)
10.Республикадағы ең ірі көмір кен орны қай қалада? (Қарағанды)
4-кезең Мақал-мәтел сайысы
5--кезең. «Болашақтағы елім!»
Қазақстанның болашағы туралы өз ойларын ортаға салады.
(Қағаз,түрлі-түсті қағаздар, қарындаш т.б, )
6-кезең. «Сиқырлы сөздер әлемі» (капитандар сайысы)
Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде тобына жасыру.
Кітап, гүл, машина, теледидар, етік.
Қалам, қой,сабын,соткі,домбыра.
Дәптер,көйлек,доп,мысық,телефон.
Қобыз,жылқы,бор,шалбар,көз.
Аяқ, ит, сынып, бөрік,мұғалім.
Мұғалім:
Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар
Қуанып шаттанып,күлу де бар.
Білімдерін тамашалап,отыр қауым,
Сайыста әділқазы тағы да бар.
«Елім менің» сайысымызды таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Бір қала,бір мектептің түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Осымен «Елім менің» сайысымыз өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.