.
.
Талғар ауданы «Еріншек» Шәкәрім Құдайбердиев
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1570 | Размер: | Автор: Нартай4540Бірлік ауылы
№35 орта мектеп – гимназиясы
(Ана тілі)
4 класс
Бастауыш сынып мұғалімі: Рысқұлова Н.А.
2010-2011 оқу жылы
Ана тілі 4 класс
Сабақтың тақырыбы: «Еріншек» Шәкәрім Құдайбердиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: «Нан туралы өлең» тақырыбындағы негізгі ойды және мақсаты мен мазмұнын жан – жақты дамыту, ойларын тиянақтап қорыту.
Тәрбиелік мақсаты: жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, нанды қастерлеуге, есте сақтауға, жақсы әдетті білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: көрме, слайд (нан, дәнді дақылдар, авторлар суреті, топ атаулары, ойындар, кітапшалар).
Қолдану әдістері: әңгімелеу, салыстыру, байланыстыру, талдау - жинақтаау, ойын, көрнекілік, топпен жұмыс істеу.
Пән аралық байланыс: Еңбекке баулу, дүниетану.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өтілу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшіні сөйлету, түгендеу. Бүгінгі сабақты хабарлау. Бес топқа бөлу, топ жетекшілерімен таныстыру. Қонақтар келіп отырады. Бүгінгі сабақтың сәтті өтуіне сәттілік тілейміз.
Топ атаулары: талап, еібек, терең ой, қанағат, рақым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Нан туралы өлең» мәнерлеп оқыту, түсінігін айтқызу, 2 оқушыдан бөліп оқыту.
ІІІ. Білімдерін тексеру, тиянақтау:
«Нан» тақырыбын әр топ өзінше қорғайды. Мысалы:
1топ: өлең, тыйым сөз.
2 топ: Мысал «бидай қаңбақ»
3 топ: Ертегі: «Егінші қасқыр»
4 топ: Көрмені таныстыру
5 топ. Өлеңдерді жатқа айту.
Проблемалық сұрақ: Жаздық, күздік бидай.
Қорытынды ой: «Нансыз тіршілік жоқ» , «Нанды қастерлеу керек».
Сергіту сәті: жаттығу жасату.
ІV. Мақсат қою. «Еріншек» Шәкірім Құдайбердиев. Автордың өмірбаянына тоқталу. Суретіне, кітаптарына, тағдырына тоқталу. 1931-1932 жылдардағы қиын жағдай. «Еріншек» деген сөздің мағнасы қандай?
V. Материалды тұсіндіру кезеңі:
Жоспар
1. 2 оқушыға мәнерлетіп оқыту.
2. Тізбектей, топқа оқытып, мазмұнын айтқызу.
3. Дәптермен жұмыс. Сөздікті таныстыру, 2 жолды көшіріп жазу, түсіндіру.
4. Абай өлеңін «Ғылымтаппай мақтанба» талдау. 5 асыл іс, 5 дұшпан. (жазу) тақтаға.
А) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Ә) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
Абайдың қарасөздерінен үзінділер:
1. Қор қылатын3 нәрсе бар.
2. Баланың 2 түрлі дүниеге келі.
3. Бірін – бірі жеңе алмайтын 8 батыр. (күн, түн, тақ – жұп, қыс – жаз, жақсылық - жамандық).
Кейіпкер (көрініс) Салақ оқушы келеді, оны тәрбиелеу жолы.
Ойын: «Жұбын тап! » 6 оқушы шығару олар келіп қарсы мәндес сөздерді табады. (арам- адал, таза – лас, т.б.)
VII Бекіту кезеңі: «Кім жылдам? Ойыны. Жағымды жағымсыз қасиеттерді тізіп жазу»
Жағымды және жағымсыз қасиетерді тізіп шығу, есептеу, қорыту.
Топтың атына байланысты мақал – мәтел, қанатты сөздер айту.
VIII. Қорытынды ой: Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен! Адамның мінезі арқалай?
ІХ Бағалау.
Х. Үйге тапсырма өздеріңе ұнаған өлеңді жаттау. Еріншекке байланысты мақал – мәтелдер жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.