.
.
Сынып: 1 «Ә» Күні: 28.02.12ж Есеп(қанша қысқа?)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1914 | Размер: | Автор: Нартай4540Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Есеп(қанша қысқа?).
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларды есеп және оның құрамды бөліктері,қанша қысқа ұғымына байланысты амалдар таңдау тәсілдерімен таныстыру.
Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту.Есеп шығаруда еркін пайдалануға үйрету,
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:оқушылардың білім, іскерлік,білік дағдыларын қалыптастыру.
Қабылдау,түйісу процестерін,есте сақтау қабілеттерін,қосу және азайту амалдарының
өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелігі:оқушыларды сауаттылыққа,ұқыпты,әдемі,көркем етіп жазуға жетелеу.
Сандарды дұрыс айтуға,орынды сөйлеуге,адамгершілікке,топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрден тыс ертегі ,кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, ой қозғау,сұрақ-жауап,мадақтау,көрнекілік,
практикалық.
Сабақтың көрнекілігі:ертегі кейіпкерлері,сандар жүйесі,таратпа материалдар,
геометриялық фигуралар,сергіту сәттері,слайд,шығармашылық
тапсырмалар,ойындар.
Сабақтың өту барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты қайталау,пысықтау.Бүгін біз математика
сабағымызды ертегімен байланыстырып өтеміз.Біз бәріміз ертегіні ұнатамыз ба?Ендеше «Мақта қыз бен мысық »ертегісін білеміз бе?Олай болса «Мақта қыз бен мысықтың » үйін құрастыруға көмектесейік.Ауызша тапсырмалар орындау.
Әр топқа тапсырмалар беру: 1-топ: 6+2= 2-топ: 7+2= 3-топ: 4+3=
9-3= 5-1= 6-5=
Геометриялық фигураларды қолдана отырып,үй құрастыру.
Біз тапсырманы тез әрі жылдам есептей отырып,үйді жылдам соқтық.
ІІІ.Жаңа сабақ:Олай болса,біз бүгін сабақта есеп және қанша қысқа ұғымына
байланысты есептер шығару арқылы «Мақта қыз бен мысық»ертегісін
тамашалаймыз.Үш топтан бір-бір мүшелері шығып,ертегіні үзіп-үзіп айтады.
-Ал,енді балалар,бәріміз бірге мысықтың құйрығын қайтып алуына
көмектесейік.Ол үшін алдымен 1- топ сиырдың тапсырмасын орындайды.
Тақтамен жұмыс: Есептерді салыстыру және шығару.
Қызыл лента-10 см
Көк лента-? 5 см қысқа
Шешуі:10 см-5см=5 см
Жауабы:көк лента 5 см қысқа.
-Балалар,мысық сиырдан кейін тағы неге барады?Талға барады.Бірақ, балалар, талдың
да сендерге арналған тапсырмасы бар екен.Қане оны 2-топтың оқушыларына арнап отыр.
Тапсырма:Сатып алғаны-10 см
Қиып алғаны-5 см
Қалғаны- ?см
Шешуі:10см-5см=5см
Жауабы:5 см лента қалды.
-Дұрыс балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді мысық көмек сұрап тағы
кімге барды?
-Иә ,су әкеле жатқан қыздарға жолығады.Ол қыздардың да мысыққа және сендерге
3-топ деп дайындаған тапсырмасы бар екен.
Есептерді салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
Есептің шартында 10см және 5см ленталар жайында айтылған,шешуі азайту амалымен орындалады(ұқсастығы).
Есептің айырмашылығы:шарттары әр түрлі,1-ші есептің сұрағы неше сантиметр лентаның қысқа екендігі айтылған,2-ші есепте неше сантиметр лента қалғаны жайында айтып отыр.Жауаптары әр түрлі.
Мадақтау әдісін қолдана отырып,оқушыларды мадақтау.
ІV.Сергіту сәті:
Қыздардың берген тапсырмаларын орындадық,ендігі кезекте мысық кімге барды?
-Иә дүкенші апайға барыпты.Ал дүкенші апай мысыққа қандай тапсырма дайындап қойған екен?Соны біз орындап көрейік.
Қосудың компоненттерін айту.Мәні 4-ке тең болатын қосындыларды жазу.Мәндерін
табу үшін қолданған қосу кестесін жазу.Топтармен жұмыс:
0+4=4 2+2=4 4+0=4
1+3=4 3+1=4
V.Ойын ойнау: Көбелектердің гүлдерге қонуына көмектес! Көп көмек берген топты мадақтау.
2+3+1 4+2-3 5-5+4 2+5+3
6+1-4 10-7+2 7-4+3 3+2+5
-Балалар,дүкенші апай мысыққа жұмыртқа алып кел,- деді.Ал жұмыртқаны неге барып сұрады?(тауыққа)Сонымен тауық мысыққа қандай тапсырма дайындаған екен,көрелік.
4- тапсырма: Азайтудың компоненттерін атау.Азайғышы 5 болатын айырмаларды ата.Айырмалардың мәндерін өсу ретімен жаз.
5-5=0 5-3=2 5-1=4
5-4=1 5-2=3 5-0=5
Балалар,сендер білесіңдер тауық жұмыртқа беру үшін оған керек?(тары,бидай).
Мысық бидай іздеп келе жатқанда алдынан не шығады?Тышқан қандай тапсырма берер екен.
V.Сабақты қорыту: Шығармашылық тапсырма:
Торда жоғалған мысық табу.Мысық отырған тордың түсі әр түрлі.Қай түстің
торындағы мысық жоқ.
Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, - деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
- Ал біз қандай болуымыз керек?
- Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық!
VІ.Үйге тапсырма: 2-тапсырма 106 бет
VІІ.Бағалау.
№29 Александр Герцен атындағы орта мектеп
Сынып: 1
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдрашова Сәуле Ермекбайқызы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
Б.Момышұлы ауылы
Б.Момышұлы 2012ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.