Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есеп. Есептің құрамды бөліктері. -

Есеп. Есептің құрамды бөліктері.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1620 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Математика: 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Есептің құрамды бөліктері.

С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы. «Есеп» терминін енгізіп, оның құрамды бөліктерімен оқушыларды таныстыру. 1 және 2 сандарын қосу және азайту қайталау, тура емес теңсіздік, тура емес теңдік жайлы білімдерін тиянақтау. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыпты, әдемі жаза білуге баулу. Бір-бірін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шырша, шырша ойыншықтары, балаларға базарлық
Сабақ барысы:
І. Сабаққа психологиялық даярлық. Бір-біріне сәттілік тілеу
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау: Бүгінгі сабақта біз есеп ұғымымен танысамыз. Өз білімімізді пайдалана отырып жаңа жылға арналған шыршаны безендіреміз. Әр тақтаға шыққан оқушы ойыншықтарды шыршаға іледі.
ІІ. Өткенді қайталау
Электрондық оқулық: Ойнайық, ойланайық. Апта атауларын ретімен орналастыру. Гүлдерді өсу ретімен қою.

Санға 1, 2-ні қосу, азайту қайталанады. Қосу, азайту амалдарының компонентері қайталанады. (Слайд)







ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Есеп және оның құрамды бөліктерімен таныстыру мақсатында мынадай іс-әрекет орындалады:
Мендегі қораптың ішінде 4 кәмпит бар (көрсетеді және оны қорапқа салады) . Маған тағы 2 кәмпит берді (көрсетеді .Оны да қорапқа салады). Енді қорапта неше кәмпит бар — есеп. Не белгілі, не белгісіз және нені табу керек екенін ажырата отырып, оны қайталайық. Қораптың ішінде неше кәмпит болғаны бізге белгілі (4 цифры жазылған карточка ұяшыққа салынады). Қорапқа тағы 2 кәмпит салғанымыз да белгілі (2 цифры жазылған карточка да ұяшыққа салынады). Бұл — есептің шарты. Бізге нені білу керек еді, біз нені білмейміз? (Енді қорапта неше кәмпит болғанын). Бұл — есептің сұрағы. Осы жерде есептің шарты және сұрағы болатынын және сұрақсыз есеп болмайтынын ескерту.
Есепті шығарайық: Қораптың ішінде қанша кәмпит бар екені көрініп тұрған жоқ. Сондықтан қойылған сұраққа бірден жауап бере алмаймыз. Ол үшін қандай сандармен өздеріне белгілі қосу және азайту амалдарының бірін орындау керектігін ойластыру және түсіндіру керек. Біз себетте қанша кәмпит болғанын табуымыз керек. Оның ішінде әуелі 4 кәмпит бар еді, біз оған тағы 2 кәмпит салдық. Демек, барлығы 4 және 2 кәмпит салынды. Олай болса, 4 және 2 сандарын қосу керек (ұяшықтардың 4 және 2 цифрларының арасына « + » таңбасы қойылады). Демек, 4 + 2 = 6, яғни себетте 6 кәмпит болды. Біз есептің сұрағына жауап бердік. Ал, қане санайық. (Барлығы 6 кәмпит болды. Оны қорапқа салады.
Слайд бойынша сәйкес іс-әрекеттің мән-мағынасын аша түсу. (Слайд)

0 қ у л ы қпен ж ұ м ы с. Оқулықтың жоғарғы жағындағы тапсырма оқылады. Бұл — есеп. Есепті шығару үшін алдымен оның шартын және сұрағын анықтау керек. Оқулықтағы сәйкес жазулар оқылады. Есептің сұрағына жауап беру үшін суретті пайдаланайық (бұл — тақтаға ілініп қойылған плакаттың суреті) . Әрі қарай суретті пайдалана отырып, есептің, шешуін және жауабына байланысты алдыңғы тапсырмадағыдай жұмыстар жүргізіледі. (Слайд)
2—3-тапсырмаларда қарастырылатын ұғым — тура емес теңсіздік, тура емес теңдік—1-сынып математикасындағы маңызды теориялық материалдарға жатады. Осы мақсатта мынадай жұмыстар орындалады: теңсіздік және теңдік ұғымдары қайталанады. Оларға байланысты бірнеше мысалдар келтіріледі; Электрондық оқулық
“Әділетті таңбалар”
Осының негізінде 3<2, 3 = 2 жазулары дұрыс емес деген қорытындыға бірте-бірте оқушылардың көзі жеткізіледі.Дұрыс теңсіздіктер мен теңдік құрастыру. (Слайд)

Сергіту минуты

4-тапсырманы орындау . Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қайталау.
Жеке оқушыларға үлестірмелі карточкалар беру. (Слайд)

Шығармашылық тапсырма орындалады. Барлық мүмкін жағдайларды қарастыру.
5>3

Алдымен таңба қойып аламыз(Слайд). Қосу таңбасын қойғандағы жағдайларды қарастыру.
5>3+1 5>3+0

Азайту амалын қойғандағы жағдайларды қарастыру
5>3-1 5>3-0 5>3-2

Сабақты қорытындылау: Электрондық оқулық. Неше болды?
Есеп ұғымы туралы сұрақтар қою:
Есептің құрамын атайық: шарты, сұрағы, шешуі, жауабы

Безендірген шыршаны тамашалау. Ең көп ойыншық ілген кім?
Бір бірлерін бағалау.
Оқушыларды мадақтау Шырша ойыншықтарын тарату.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.