Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс) -

«Есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс)

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1611 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: «Есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, есте сақтау қабілетін, байқағыштығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойларын ұшқырлау.Шапшаңдыққа, жылдамдыққа биімдеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, газет, бағалау парағы, мадақтама
Өту барысы:
І Ұйымдастыру.
Бір-білім ал,
Екі-ерлік көрсет,
Үш- үлгі тұт,
Төрт-тәртіп керек.
Бес- бестік баға ал
Алты-алғыс ал,
Жеті-жеңіс біздікі,
Сегіз- сенім керек,
Тоғыз- тоқу керек,
Он- оқу керек.
Оқушыларды ойын кезеңдерімен таныстыру.
-Таныстыру
-Ойнайық та, ойлайық
-Сиқырлы сандар
-Жаңылтпаштар сайысы
-Кім жылдам?
-Ойлан тап
*Таныстыру кезеңінде әр оқушы өздерін таныстырып өтеді және әр бала өз ұранын айтады.
*Ойнайық та, ойлайық
Бұл кезеңде оқушыларға математикаға қатысты сұрақтар қойылады.
-3-ке бөлінетін 13-ке дейінгі үлкен санды ата?
- Жұп сандар дегеніміз не?
-10 мен 5-тің көбейтіндісінің мәнін ата?
- Тақ сандар дегеніміз?
-400 бен 2-нің көбейтіндісінің мәні?
-4 сағатта неше минут бар?
- Шаршы дегеніміз не?
- Егер әрбір вагонда 20т көмірден болса,
8 вагонда неше тонна көмір бар?
- 354 пен 487-нің қосындысы
*Сиқырлы сандар кезеңінде оқушылар 6 ұяшықтағы сұрақтарға жауап беруі керек. Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы осы кезеңнен кейін ойынды доғарады. Таңдау ұпай саны аз оқушыға беріледі
- 3 биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
- 7 саны туралы мақал-мәтел айт (Жігітке жеті өнер де аз)
- Киелі санды ата (7)
- Ең үлкен үш таңбалы санды ата (999)
-Белгісіз қосылғышты тап + 365=850 (485)
- 153 пен 3 тің көбейтіндісі (459)
*Жаңылпаштар сайысы кезеңінде әр оқушының жылдам әрі жаңылмай оқуы бағаланады.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
*Кім жылдам сайысы
- Мұнда аяқтарына қапшық киіп, жылдам әділқазылардың жанына барып , тапсырмаларды орындап,қайта қапшықты киіп оралу қажет
Берілген тапсырмалар қима қағаздарда жазылады.
-Теңдеуді шешу
-Амалды орында
*Ойлан тап кезеңінде оқушыларға түрлі кестелер беріледі.
-Мына кестеден геометриялық фигураларды оқи алады.
ш ж г и к у ұ р ы ш
ы а е х ө п б о и е
т ө р ь ю ф э б ұ я
ч р т ш щ к е с р ы
ү б ұ ы с с і ь ш
ш б ө р ы ә у н д у
ң ұ р і ш і л е і з
р д ы ш ө з қ һ т ү
«Сөз құрау» ойыны
Математика- ат, ит, ата, мата, ет, мама, ми т.б сөздер құрау
Жеңімпазды анықтап, марапаттау қағазын беру
*Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.