.
.
Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару. Есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1473 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығартып, оқушылардың білімдерін
бекіту.
Дамытушылығы:
Оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі:
Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге,
тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ..
Сабақ типі: білім,білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.
Сабақ әдістері: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.
Сабақ көрнекілігі: слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық..
-Балалар бір-бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?
/ балалар кезектесіп, жақсы тілектер айтады/
- Мен саған ашық аспан тілеймін!
- Мықты денсаулық тілеймін!
-Мен бақыт тілеймін!
-Нұрлы күн тілеймін! т.б.
Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр.
/Күннің суретін слайдпен көрсету .№ 1/
Нұрлы күннің әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен.Сандықшаны ашып,ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік. / слайд №2/
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. / Жауабы: х- икс./
Сандықшада бүгінгі сабақтың жоспары шығады./слайд №3/
- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек.Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.
Жоспары:
1.Бәйге.
2 Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3. Білгенге маржан, Білмеске арзан.
4. Бойы сергектің , ойы да сергек.
5. Еңбек түбі- береке.
6. Қызықты есептер.
7. Сандық ақпараттар.
Дәптерімізді ашып, күн жадын, тақырыпты жазайық. .
I. « Бәйге» ойыны./өткенді қайталау/
1.Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?/тік төртбұрыш/
2. Ауданды қалай табамыз? / ұзындығы мен енін көбейтеміз./
3. Көлемді қалай табамыз? / ұзындығын,енін,биіктігін көбейтеміз./
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? / барлық қабырғаларын қосамыз./
5. Жылдамдықты қалай табамыз?/қашықтықты уақытқа бөлеміз/
6. Теңдеу дегеніміз не? /Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік./ Неше түрі бар? /2 түрі./
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма.
-Есеп не жайында?
-Есепте не белгілі?
-Есепте нені табу керек?
Х-бұл ағасының жасы.
Х-3- бұл қарындасының жасы.
Х-3=8 –құрылуға тиісті теңдеу./Интерактивті тақтаға жазу./ / слайд №6/
Қ- 8 жас 3 жас кіші Ш: 1) 8+3=11
А-? 2)Х-3=8
Х=8+3
Х= 11
11-3=8
Ж: Ағасы 11 жаста.
-Ал өзіміз неше жастамыз? Қай жылы дүниеге келдік, сол жылды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.
1999=1000+900+90+9
№ 2
Малдың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.
Құлын-биенің жас төлі.
Жабағы-жас құлынды алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды.
Бұзау- сиырдың төлі.
Торпақ- сиыр төлінің бір жасқа келгенге дейінгі ортақ атауы.
-Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
-Есепте тағы не белгілі?
- Есеп не сұрайды?
-Шешуін бірден таба аламыз ба?
-Неліктен?
Торпақ-16-3 ? бірдей.
Жабағы-?, 2а
Ш: х +2 =16-3
Х+2= 13
Х= 13-2
Х = 11
11+2=16-3
13=13
Ж: 13 жабағы өсірді.
3. Білгенге маржан, Білмеске арзан.
-Қазақстан Республикасында неше облыс бар?/14/
-Біздің облысымыз қалай аталады? /Батыс Қазақстан облысы./
-Қай қалада тұрамыз? / Орал қаласы/
-Қай жылы құрылды? Жер көлемі қанша? / 1613ж . Батыстан шығысқа дейін-585 км. Солтүстіктен оңтүстікке дейін-425 км.Жер көлемі облыс бойынша 8-орын./
- Неше аудан бар? / 12 аудан/
№ 3
Оқулықпен жұмыс. Оқыту, талдау. Сызба сызу.
S= 300 км Ш: 2*х+2*60=300
t = 2 сағ 2*х+120=300
v=60 км/сағ 2*х = 300-120
v= ? км/сағ 2*х =180
х = 180:2
х = 90
2*90+2*60=300
Ж: 90 км/сағ.
4. Бойы сергектің, ойы да сергек.
«Баспалдақ» ойыны. / тез есептеу./
5. Еңбек түбі-береке.
№ 5
Жол -80 км Ш: 1) 80:5= 16 км / 1 күні/
I –күні – 5/1 2) 80: 4һ=20км /2күні/
II- күні -4/1 ?км 3) 16+20= 36 км /2күнде/
Қалғаны-? 4) 80-36= 44км / жөнделмеген жол./
80-(80:5)+(80:4)=44км
Ж: 44 км жол жөнделмеген.
№ 6 / Интерактивті тақтаға түрлі түсті бояумен сызып, жазу.
Кесінді: ОК,ОЕ.
Сәулелер:ОА, ОС, ОД, ОВ, ЕВ,КД,ЕС,КА.
Түзулер: АД,СВ.
№7
S = 300 км Ш: 80+70= 150 км/сағ
V = 70км/сағ 300км: 150км/сағ= 2сағ.
V= 80км/сағ
t = ?
Ж: 2сағ.
6. Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес.Неге?
2..Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр.Сонда екі балапан қайда? /2балапан тауықтікі/
3.Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте263 дана алма даярланды.Егер мерекеге86 ұл және одан 2есеартық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Ш: 86*2=172 /қыз/
172+86=258
263-258=5
Ж: Алма жетеді, 5алма қалады.
7. Сандық ақпараттар.
Сандарға қарап, оқушылар өз ойларын айтады.
8. Үйге тапсырма . № 4 119-бет.
9. Бағалау.
10. Қорытындылау. Сабақ аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.