Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есептік және реттік сан есім -

Есептік және реттік сан есім

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2594 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №49 орта мектеп

Ашық сабақ
Тақырыбы: Есептік және реттік сан есім 17-21 жаттығулар
Күні: 28 сәуір 2011ж
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3 «А»
Пән мұғалімі: Таркешева Айнұр


Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Сан есімнен алған білімдерін пысықтау;
• Сан есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық:
• Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
• Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік:
• Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық пен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, топпен жұмыс, ребус, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызба, бағалау маниторингі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, өзін-өзі тану.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
І-топ. Ребус


З‘ , , M

Зат есім
Е ‘

Етістік
‘ ,Н ,М

Сын есім
Үй тапсырмасы:
15-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.
Үй тапсырмасын қорыту:
Зат-аты-қимылы-сыны-саны
Етістік дегеніміз – заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.
Сұрағы: не істеді? Қайтты? Не қылды?
Сын есім дегеніміз – заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз.
Сұрағы: қандай? Қай?
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөз. Сұрағы: кім? Кімдер? Не? Нелер?
Сан есім дегеніміз – заттың санын, ретін білдіретін сөз.
Сұрағы: қанша? Неше? Нешінші?
Жаңа сабақ

Қанша? Неше? Сұрақтарына нешінші? сұрағына жауап беретін жауап беретін сан есім. сан есім.Мысалы: екінші, алтыншы. Мысалы: екі, алты, жеті.
Реттік сан есім есептік сан есімге –ыншы, -інші, -нші, -ншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.
І топ. Мәтінді оқу
ІІ топ. Сан есімдерді теріп жазу
ІІІ топ. Оларға сұрақ қою
Сергіту сәті
Бір, екі, үш! Бұлшық етте күш!
Терезеңді аш, жасағанда жаттығу
Бір, екі, үш! Бұлшық етте күш!
Ептімін де елгезекпін кептерше,
Еңкейемін жерге басым жеткенше
18-жаттығу.
І топ. Көп нүктенің орнына есептік сан сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
ІІ топ. Әр қатардағы сан есімге сұрақ қой.
ІІІ топ. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір.
Ой қозғау.
І топ. Тірек сызбасы арқылы сөйлем құрау.

ІІ топ. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау.
Оқушы сыныпта бар біздің он сегіз
ІІІ топ. Не?
Неше?
Қандай?
Не істеді?

19-жаттығу.
1. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.
2. Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі (-ншы, -ыншы) болу себебін түсіндір.
20-жаттығу.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түрі екенін айт.
3. Мәтінге ат қой, мәтін неше бөліктен тұрады, әр бөлігі қандай жолдан бастап жазылған?
Жаңа сабақты қорыту. «Ойлы болсаң, озып көр»
Үйге тапсырма. 21-жаттығу.
Жұмбақтың шешімін тап. Ішінен сан есімді тауып, реттік не есептік сен есім екенін айт.
І топ. Мақал-мәтел.
ІІ топ. Жұмбақ.
ІІІ топ. Жаңылтпаш.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.