.
.
Сабақтың тақырыбы: Етістік Етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1438 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ережелер,дидактикалық суреттер,сәйкестендіру
Сабақтың түрі:Дамытушылық
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап әдісі,өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың жүрісі:
* Ұйымдастыру кезеңі
* Жаңа сабақ
- Психологиялық дайындық
- Білімдерін жинақтау мақсатында : Дид. ойын ойнату
- "Тез ойла,сөз ойла" ойыны:
Не? Қоздайды
... құлындайды
... лақтайды
... боталайды
... бұзаулайды
Кім? Емдейді
... оқытады
... ұшады
... тігеді
Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар
- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
-Мұғалімдер
-Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардыңдар?
- Заттың қимылын, іс-әрекетін аңғардық.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
- Сәйкестендіру тестін орындаймыз: Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді
- Етістіктің ережесін жаттату
- Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді-етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады.Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
- 412-жаттығу.
- Суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.
Топпен жұмыс:
- Көру диктанты
1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
- Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
- Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.
- 414-жаттығу
- Шығармашылық диктант
1-топ.Тоғайда түрлі аңдар...
Терең шатқалға қояндар...
2-топ. Қызыл түлкілер тоғайда...
Тиіндер ағаштан-ағашқа...
- Өзіндік жұмыс
415-жаттығу.
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысалы: Қар қалың жауды.
- 416-жаттығу
- Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
- Терме дитктант
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
- Сабақты қорытындылау:
- Дид.ойын арқылы
- Етістік деген не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мысал келтір
Үйге тапсырма 417-жаттығу.
Бағалау,қорытындылау.
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.