.
.
Тақырыбы: Етістік Етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1311 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
а) Етістік туралы алған білімдерін пысықтау, етістікті сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, зейінін, түсініктерін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақтары, ойын түрлері.
Типі: Пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдері: Деңгейлеп-саралап оқыту, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым бақытым дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі туған тіліміз - қазақ тілі сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар: 1. Сөз таптарын атаңдар 2. "Зат есім" дегеніміз не? 3. "Жалқы есім" дегеніміз не? 4. "Жалпы" есім дегеніміз не? 5. "Етістік" дегеніміз не? 6. Етістіктер нешеге бөлінеді? ІІІ. Кітаппен жұмыс
1-деңгей:
1-жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. 2-жаттығу. Берілген сөздерден етістіктерді тауып көшір.
Қаныш, қуанды, түзу, түзелді, дүрсілдеді, әңгіме, әңгімеледі, жинады, көкшіл.
3-жаттығу. Мақалды оқы. Етістіктерді тап.
Жаңбырмен жер көгереді,
Алғыспен ер көгереді.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сергіту сәті
"Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны.
(әртүрлі етістіктерді тіркеп, бөгелмей айту керек)
Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Марат. Жаңбыр. Әжем. Кино. Құстар.
2-деңгей:
Жалғасын тап.
1. Оқысаң ........ сусын ішіңіз 2. Аяғың ауырса ....... күн жылынады 3. Көп ұйықтасаң ....... қолыңмен сүртпе 4. Шөлдесеңіз ....... қаңқылдайды 5. Көзің ауырса ....... көп жүрме 6. Бұлбұл ........ түсінесің 7. Қаз ....... басың ауырады 8. Жаз шықса ...... сайрайды
3-деңгей:
Күрделі етістіктен дара етістік жаса.
Барып едім - Тыңдап отырмын - Қашып жүрмін - Сайрап отырмын - Ойнап отырмын -
4-деңгей: Шығармашылық тапсырма Көрсең егер ...... , Ана деген ...... .
Ұрпақтары ...... , Өмірі оның ...... .
ІV.Сабақты бекіту Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәліметтерге қосу белгісін қояды
Заттың атын білдіреді. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Дара және күрделі болып бөлінеді. Заттың санын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтты? Сұрақтары:
Қанша? Неше? Нешінші? Зат есіммен байланысады.
V. Үйге тапсырма: Ереже жаттау, 5-жаттығу
VI. Бағалау
Абай атындағы орта мектеп
(ашық сабақ)
Өткізген: Ашықбаева Б.Б
2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.