.
.
Сабақтың тақырыбы : Етістік Етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1751 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты : Етістік туралы білетін білімдерін еске түсіру, толықтыру.Оқушылардың өзіндік іс-әрекет дербестігін арттыру.
Есте сақтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
Білімге деген құштарлықтарын ояту.
Түрі : Дәстүрлі
Типі : Қайталау сабақ
Әдісі : топтық жұмыс ,сұрақ-жауап, проблемалық
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелер
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру ,түгендеу.
Топқа бөлу.4 түрлі суреттер арқылы .Топпен жұмысты еске түсіру.
Ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, бірін-бірі тыңдау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
114-жаттығу .Сызба бойынша дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін ,жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын салыстыру,ажырату.
Топтарға тапсырма
1.Дәрігермін,2.дәрігерсің.3.дәрігерге,4.дәрігерден.
Бірін-бірі бағалайды.Жалғауларды салыстырады,ажыратады.
2. 4-топқа ребусты шешу, Жауабы : Етістік сөзі
ІІІ. Мақсат қою
Олай болса ,бүгінгі сабақта ,етістік туралы білетінімізді еске түсіріп,білімімізді тереңдетеміз.
3.Топтық тапсырма
Етістік туралы білетінімізді еске түсіреміз.
Етістік –заттың қимылын, іс-әрекетінбілдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды? Қайтті?деген сұрақтарпға жауап береді.
2-топ Етістіктің құрамына қарай бөлінуі. Мысал келтіру.
Етістік құрамына қарай дара,күрделі болып бөлінеді.Дара етістік бір ғана сөзден жасалады. Екі немесе одан да көп сөзден жасалады.
3-топ Етістіктің мағынасына қарай, құрамына қарай бөлінуі.
Негізгі, туынды етістіктер болып бөлінеді.
4- топ Етістіктің тұлғасына қарай бөлінуі .
Болымды,болымсыз болып бөлінеді .Мысалы Жаз-жазба,бар-барма, көр-көрме.
Оқушылардың бірін-бірі бағалау.
ІҮ. Білімдерін тексеру
Оқулықпен жұмыс . 2-жаттығу
Аристотель туралы мағлұмат беру.
Әбунасыр Әл-Фараби кім? Білетіндерін ,қосымша материалдарын сұрау.
4.Мәтінмен жұмыс
«Сюжетті таблица» стратегиясы бойынша жұмыс.Таблицаны толтыру.
Кім туралы?
Қандай кітап? Қашан? Әбунасыр әл-Фараби не істеген? Қалай? Нені шарлаған? Не түйдік?
Тақтамен жұмыс. Етістіктерді табу,жазу.
Түседі, ақтарып шығады,көреді,оқып қоя салмаған,оқи берген,ашып отырған,шарлаған.
3-жаттығу .жұмбақты оқып жатқа жазу.Етістіктердің дара,күрделі екенін ажырату. Дара етістіктерді,күрделі етістіктерге айналдыру.
Қалқиды-қалқып тұр.Балқиды-балқып жатыр.
5-Топтық тапсырма 4-топқа берілген етістіктерді теріп жазу, дәлелдеу,сөйлем құрау.
Ү Сабақты қорыту
Бердібек Соқпақбаевтың «Саққұлақ» өлеңінен етістіктерді табу.
7- топтық жұмыс. Кластер құрғызу.
Етістік туралы не білеміз?
ҮІ Үйге тапсырма 6-жаттығу «Туған жер»тақырыбында әңгіме құрау.
ҮІІ Бағалау Әр топ бойынша
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.