.
.
Сыныбы: 3 « а» Етістікті пысықтау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1844 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістікті пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1) Етістік туралы алған білім - білік дағдыларын еске түсіре отырып, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Оқушылардың білім дәрежесін байқау.
2) Оқушыларды өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, байқау қабілетін арттыру, сөздік қорын, тілін дамыту.
3) Ұйымшылдылыққа, бірлікке, ұжымдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ: сұрақ-жауап
Әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнектігі: Тест, сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру бөлімі
ΙΙ. Психологиялық даярлық
-Мақсатымыз білім алу
-Міндетіміз еңбектену
5-ке қолды жеткізу
Жарайсыңдар, Отырыңыздар!
-Біз өткен сабақтарда қандай сөз табымен таныстық? «Етістік»
Жарайсындар
ΙΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?
5-жаттығу 51-бет
Қандай сөйлем құрастырдық?
Ата-анаңды, мұғалімді, досынды ұмытпа.
ΙV. Қызығушылығын ояту.
«Сиқырлы суреттер» ойыны
Берілген суреттерге сөйлем құрастыру, сұрақтарға жауап беру
Қандай сөз таптарын білесін?
Зат есім дегеніміз не?
Етістік нені білдіреді?
Етістік неше түрге бөлінеді?
Негізгі туынды етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік қалай жасалады?
-Жарайсындар
V. Кітаппен жұмыс
Кітаптарымыздың 51-бетін ашайық
1-жаттығу.
Сөздерді оқып ішінен туынды етістіктерді теріп жаз.
Өрле,,шаңдатты, терледі, кілттеді, қаңқылда, дәріле,жіңішкертті, дабылдатты.
-«Адасқан буындар» ойыны
Осы буындардан болымды, болымсыз етістіктер құрастыру керек
Жет ме та жу ма қыр мат
Кір пат жақ ді ын ша па
Жетпейді, кірмейді, жақтама, жуын, шақыр, шақырма
-Жарайсыңдар. Өте жақсы
Ырым-тыйым сөздерде қандай етістік қолданылады? Тыйым сөздерді еске түсіру
«Өлеңді жатқа жазу»
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Өлеңді 2-3 рет оқып,жатқа жазу, етістіктің астын сызу.
Олардың түрін ажырату
«Сөзден, сөз ойла» ойыны
Әр қатарға сөз беріледі, сол сөздерден етістік құрастыру, қай қатар көп сөз жазады екен?
1.«Көркем өнерпаздар»
2.«қанағаттанарлық»
3.«мерекелеріңізбен»
Сергіту сәті
Аспанға қарап күн көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып ,
Егеменді ел көрдім.
Биыл біздің егемендік алғанымызға қанша жыл толып отыр?
«Ұйқасын тап»
Өлең жолдарын толықтырып жазу
Мені ... ... ,
Күндей ... ... .
Көп ... ... ,
Маған ... ... .
-жарайсыңдар! Енді кітабымыздың 52-бетін ашайық.
3-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп жазу. Болымсыз етістікті табу
. VΙ Қорытынды. Тест сұрақтары
1) етістік нені білдіреді?
2) дара етістікті тап
3) күрделі етістікті тап
4) негізгі етістікті тап
5) туынды етістікті тап
6) болымды етістікті тап
7) болымды етістікті көрсет
8) болымсыз етістікті көрсет
9) етістікті тап
10) етістіктің сұрақтарын көрсет
а) кім? не?
ә) қандай? қай?
б) Не істейді? неғылды?қайтті?
Көршілерімізді тексеріп, өзін-өзі бағалау.
VΙΙ. Үйге тапсырма 2-жаттығу 51-бет.
Мәтіннің алғашқы екі сөйлеміндегі күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
VΙΙΙ. Бағалау. Мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.