Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ф  дыбысы мен әрпі.  Телефон түрлері -

Ф дыбысы мен әрпі. Телефон түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4969 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 1-СЫНЫП ӘЛІППЕ
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі. Телефон түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Ф дыбысы мен әрпін енгізу.
2. "Телефон түрлері" әңгімесінің мазмұнымен
таныстыру.
3. Жүргізіп,түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
4. Жаңа әpiптi жазып үйрету
5. Телефон туралы, оның қызметі жайлы білімдерін
кеңейту.
6. Балалардың қиялын қозғап, шығармашылығын
қолдау.
7. Сақшыл болуға баулу, эстетикалық, тәрбие беру.
Көрнекіліктер: сypeттер, тірек сызба, семантикалық карта, слайд.
Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, болжау, жұппен жұмыс,
сұрақ-жауап немесе ой қозғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жаңа техналогия: «Тәй – тәй» бағдарламасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
- Балалар бiз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Қандай мәтін оқыдық?
- Кім тақтаға в әрпін көрсетеді?
СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ






Жаңа сабақты түciндipy, бекіту.
1. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз. Оның қандай дыбыс екенін мына cypeттeгi не екенін атап табуға болады.
Мынау не? (Фотоапарат)
- Фотоапарат сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Ф)
2. Ф дыбысы мен әрпін таныстыру.

Бүгін біз ф дыбысымен танысамыз. Мынау ф (эф) әрпі. (әрпті көрсетемін)
Ф (фы) дыбысы, ф (эф) әрпі.
Қайталаңдар: - фы, - фы, ...
- эф, - эф, ...
- Ф дыбысы кездесетін қандай сөздерді білесіндер ?
Жұмбақтар жасыру
1. Қос бүйүрін таянып,
Тұратын бұл қай әріп. (Ф)
2. Қос қоржынын артынып,
Қос құлақтай қалқыйып,
Тұратын бұл қай әріп. (Ф)
- Телефон, кофе сөздерін әрiптep қалтасын пайдаланып, әркім өзі құрап жазсын.
Сөзжұмбақ шештіру.

4 3

Ф О Н Т А Н
Т Е Л Е Ф О Н
Б А Л Ы Қ
К Е М Е
Ф О Т О А П А Р А Т
Қ О Я Н
К Ү Н

5 3
4

7 7 2 1
1
6 2 7



"Телефон" мәтінімен жұмыс.

а) Қызығушылығын ояту
Балалар,телефон деген не?
Ол не үшін керек?
Топтастыру

Осы сұрақтарға жауап төңірегінде әр партадағы eкi оқушы бip- біріне телефон туралы білгендерін айтады, яғни жұппен жұмыс жургізіледі.
- Сонымен, телефон туралы не білеміз?
3-4 оқушының жауабы тыңдалады.
- Қaзip біз «Телефон түрлері» деген әңгіме оқимыз. Оны оқымас бұрын онда не туралы айтылады деп ойлайсыңдар - соны тыңдап көрсек. Ойларыңнан қызық-қызық әнгімелер, оқиғалар шығарып айтуға болады.
Осылайша «болжау әдici» бойынша оқушылар өздepi құраған әнгімелерлерін ортаға салады.
ә) Mәтіндi оқу.
Оқушылар мәтiндi оқып шығады. Түсінбеген сөздері болса сұрайды.
б) Толғаныс жасау.
- Балалар, кімнің әңгімесі кітаптағы әңгімеге ұқсас болды? Қай жеpi ұқсайды ? Қай жері ұқсамайды ?
- Eндi «Телефон» деген сөзді ecтігeндe сендердің ойларыңа не келеді, оның бәрін айта беріңдер. Мен мына тақтаға ілулі форматқа жазып тұрамын.



І. Дәптермен жұмыс.
Ф әрпін жазғызып үйрету. Сөйлемдер жазу
ІІ. Суреттерге қарап мәтін құрау
Сөз тіркестері: Фарида, фабрика, тері, қалып .
Файзулла, қайшы, желім, шебер .
ІІІ. Сұрақтарға жауап алу
Аяқ киімнің қандай түрлерін білесің?

Семантикалық картамен жұмыс
Әріптер
Тапсырма А Б Ж О Е Р
Дауысты дыбыстар + + +
Дауыссыз дыбыстар + + +


Қорытынды
Окушылардыц білімін бағалау
- Балалар, сонымен біз кандай дыбыспен таныстык?
Қандай мәтін оқыдық ?
Ф әрпін ауада жазып көрсетіңдерші.

2-СЫНЫП АНА ТІЛІ
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру,
2. Дамытушылық: Ө .Тұрманжанов туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды көп ізденуге , өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру, ой қиялдарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанын, елін жерін сүюге, қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: «ой шақыру», «миға шабуыл», тізбек әдісі, «ой қозғау»
стратегиясы, топтастыру стратегиясы , болжау стратегиясы «Жалғасын тап» ойын «Баспалдақ» ойыны.
Көрнекілігі: сызба, суреттер, портрет, кітаптар
І. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Психологиялық дайындық.
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
3.Үй тапсырмасын сұрау .
4.Өткен сабақта қандай өлеңмен таныстық ?
Өткен сабақты пысықтау
ІІ. Жаңа сабақ.
Өтебай Тұрманжанов портретін көрсету, ақын туралы мағлұмат беру. Өлеңнің негізгі ойы не деп ойлайсыңдар? Ө . Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданында дүниеге келген. Мәскеудегі шығыс жастарының Коммунистік Университетін бітірген .1929 жылы «Таң өлеңдері» атты өлеңдер кітабы жарық көрді. Балаларға арнап, өлең, ертегі, әңгіме, аңыз, повестерден тұратын бірнеше кітаптар шығарылған.Ө . Тұрманжанов 40 – қа жуық кітаптың авторы.
«Ой шақыру» стратегиясы.
- Балалар сендерге сұрақтар беремін, сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер әріптер ашылып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
1. Біз қай Республикада тұрамыз? Т
2. Республикамыздың рәміздерін кім біледі? У
3. Тудың түсі қандай? Ненің суреті белгіленген? Ғ
4. Елтаңбада не бейнеленген? А
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Н
6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Ө
7. Президентіміз кім? Л
8. Біз қайсы облыста тұрамыз ? К
9. Біздің Республикада қандай ұлт өкілдері тұрады? Е
10. Біздің тұратын қаламыз? М
«Туған өлкем» сөзі шықты
Бүгінгі сабақта Ө. Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.
- Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру.
«Миға шабуыл» стратегиясы.
1. Өлеңдегі ақын сөзіміне сай келетін сөздерді атаңдар.
- қуаныш
- мақтаныш
- өкініш
- шаттық
2. Ақын туған жердің гүлі күні туралы не дейді?
3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегендерді қалай түсінесіңдер?
«Тізбек әдісін» қолдану
Оқушыларға өлеңді оқыту .
Дәптермен жұмыс.
«Ой қозғау» стратегиясы
Ақын сөздерін пайдаланып туған өлке жайлы өлең құрастыру.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
.....
.....
Өлеңнің екі қатарын жалғастыру.
Оқушылар өлеңдерін оқиды.
- Балалар туған өлкем деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Басқа сөзбен тағы қалай атауға болады?
Менің Отаным, Атамекенім, Туған жерім, Кіндік қаным тамған жер.
«Топтастыру» стратегиясы
орман
мектебім кең дала

құстар жан жануар

Суретпен жұмыс
Суреттерді көрсете отырып қазіргі күнмен байланысты әнгіме айту. Жақсы оқып, елді, жерді сүйіп, қастерлеп қорғауға әрқашан дайын болуларың керек.
«Болжау» стратегиясы
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар біздің ел қашан ең дамыған 50 елдің қатарына қосыла алады ма қалай ойлайсындар?Ол үшін біз не істеуіміз керек ? Балалар Отан, ел , туған жер туралы мақал білесіңдер ме? Онда ойын ойнайық.
«Жалғасын тап» ойыны
1) Туған жердей жер болмас, .........
2) Туған жердің күні де ыстық, ............
3) Өзге елде сұлтан болғанша, .............
4) Отансыз адам,.................
Балалар «Неткен сұлу, неткен көркем»
Осы менің Туған өлкем тарауында Отан туралы өлеңдер, Туған жер туралы мәтіндер өттік.
Сендерге тапсырма бердім өз ойларыңнан , жүректеріңнен өлең шығарыңыздар Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді осы өлең арқылы білдіріңдер дедім.
«Баспалдақ» ойыны


Оқимыз , үйренеміз, жалықпаймыз білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Қыс та келді еліме,
Қыс та келді жеріме,
Бақыт, байлық тілейміз,
Бүкіл қазақ еліне.
Блинц турнир сұрақтары:
Кім жақсы меңгерді.
1. Өлеңнің аты ?
2. Авторы кім ?
3. Өлең не жайлы ?
Ребус.
, , , , , , , , , , , , , , , ,


«Туған өлкем»
Қорытынды бөлім:
Сұрақ жауап арқылы сабақты қорыту.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма
«Туған өлкем» жаттау.


3-СЫНЫП МАТЕМАТИКА
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға бip таңбалы санды көбейту
және бөлу. 92-4, 368:4.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға 92-4, 368:4 жағдайларын қарастыра
отырып, көбейту және бөлу тәсілі жайлы білім беру.
Ә) Оқушылардың ой - өpiciн дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыру. өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Б) Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым қатынас ұжымдық ic - әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтыц көрнекілігі: кодаскоп, сөзжұмбақ, тест, семантикалық карта т.б.
Сабақтың түрі: Топқа бөлу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, үйрету, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Kipicпe бөлім.
1) Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтармен сәлемдесу.
Қонақ күту салтымыз, Оқып - біліп жатырмыз
Келген қонақ сіздерге, Сәлем бердік жалпымыз
Үй тапсырмасын тексеру. 6-мысалды тексеру.
Семантикалық карта арқылы пысықтау.
Мәні
Өрнек 120 132 91 50
22 • 6
720 : 6
450 : 9
637 : 7



2. Hегізгі бөлім.
Жаңа материалды түсіндіру.
92 • 2 екі таңбалы санды бip таңбалы санға көбейту.
Алдымен 1 көбейткішті разрядтық қосылғыштарға жіктеймін. 90+2
(90 + 2) • 4 қосындыны санға көбейту өрнегі пайда болды. Содан соң қосындының әр қосылғышына санды көбейттік. 90 • 4 + 2 • 4 шыққан нәтижелерін қостық.368 : 4 бөлу амалы үшін ең ыңғайлы тәсілді аламыз.
Тақтамен жұмыс. 2-мысалды түсіндіре орындату.
83 • 2 - (80 + 3) • 2 = 80 • 2 + 30 • 2 = 166 166 : 2 = (160 + 6) : 2 =
160 : 2 + 6 : 2 = 83
72 -3 =(70 + 2) • 3 = 70 • 3 + 2 • 3 = 216 216:3=
(210 + 6): 3 = 210 : 3 + 6 : 3 = 72
Ecenтi түсіндіре орындату.
3-есеп.
А) Ш: 3 сағат - 82 км-ден
4 сағат - 62 км-ден Шешуі: 82 • 3 + 62 • 4 = 246 + 48 = 494
Барлығы - ? Жауабы: 494 километр.
Э) Ауызша орындату.
Сергіту сәті.
Кодаскоппен жұмыс. 5-мысалды ауызша орындату.
200 +200 +200 +200 = 400 +200 +200
200 +200 +200 +200 = 600 +200
200 +200 +200 +200 = 800 200 • 4 = 800
800 = 800 .
III. Орталықтарға бөлу.
1. Kітaп орталығы. 6-мысалды орындату.
С-2= 120 120 : а = 20 х : 2 = 60
С = 120 :2 а = 120 : 20 х = 60 • 2
С = 60 а = 6 х= 120
60 • 2 = 120 120 : 2 = 20 120 : 2 = 60
2. Шығармашылық орталығы.
Шығармашылық жұмыс.
•6 +7 : 7 • 9 : 3 :7 • 15 : 5 • 9 -25 :8
7
3. Ғылым орталығы.
Ғұлама ақын жазушылардың математика туралы сөздерін айтқызу
1. Әлем математика тілімен бейнеленген (Галилей)
2. Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге (Абай)
3. Білмегенді сұрап үйренген – ғалым
Арланып сұрамаған өзіне залым
4. Ғаламдағылардың барлығы математика заңдарына бағындырылған (Галилей)
5. Білім – адам баласының ортақ қазынасы (Жүсіп Баласұғұн)
6. Білімді адамдар – бұл XXI – ғасырда адамзат дамуының негізгі күші (Н.Назарбаев)
7. Ғылым халыққа пайдасын тигізсе ғана қызықты (Ломоносов)
4.Білім орталығы: 7 – мысалды орындату.
12 • 7 = 84 84 : 7 = 12
22 • 7 = 154 154 : 7 =22
32 • 7 = 224 224 : 7 = 32
42 • 7 = 294 294 : 7 = 42
52 • 7 = 364 364 : 7 = 52
62 • 7 = 437 437 : 7 = 62
72 • 7 = 504 504 : 7 = 72
Логикалық есептер шығарту:
1. Баспалдақта 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында түру үшін нешенші басқышты басу керек.
2. 23 асықты 5 балаға тең етіп бөліп бергенде нешеден тийіп нешеуі артылып қалады.
3. Төрт таяқтың сегіз ұшы бар . Алты жарым таяқшаның неше ұшы бар.
Қорытынды бөлім:
1. Сұрақ жауап арқылы сабақты қорту.
2. Тест тапсырмасын алу.
3. Оқушылардың білімін бағалау.
4. Үйге тапсырма беру.
3-СЫНЫП АНА ТІЛІ
Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні дұрыс mүciніn оқи білуге уйрету.
Мазмұнын айта білуге рольге бөлініп ойнай
білуге дағдылантыру.
2.Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын
дамыту.
3.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, кітаптар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру
Жаңа технология: «Тәй – тәй» бағдарламасы
Сабақтың барысы:
I. Kipicne бөлім:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Келісім шартқа отыру.
1. Сабақта тәртіп сақтау.
1. Бip-бipінe кедергі жасамау.
2. Берілген сұрақтарға толық жауап беру.
Психологиялық дайындау.
Балалар, бip жылда неше мезгіл бар?
Жыл мезгілдерін атап беріңдерші.
Қазip жылдың қай мезгілі?
Күздің қайсыншы айы ?
ІІ. Yй тапсырмасын сұрау
1)Әдебиет орталығы.

«Жалғыз дән» әңгімесін оқып шығу. «Комбайншы» өлеңін кезекпен айту.



1) Білім орталығы
1 Мазмұнын айту.
2) Ғылым орталығы.
Сұрактарға жауап беру.
1.Қарт жолаушы жолда нені көрдi?
2.Қарт жолаушы дәнді қайтты?
3.Қарт жолаушы таяғын не үшін шаншып кemmi ?
4.Ол ертеңіне келгенде қандай жағдайға maп болды ?
3)Өнер орталығы.
Мақал-мәтел айтқызу.

ІІІ. Негізгі бөлім Жаңа сабақ:
Сабақты сөзжұмбақ шешуден бастау.
1. Қазақстан жалауында ненің cypemi бейнеленген ?
2. Абай Кұнанбаевтың шын аты ?
3. Қазақтың ұлттық аспабы ?
4. Республика күні қай айда тойланады ?
5. Желтоқсан оқиғасының құрбаны ?

Б Ү Р К І Т
И Б Р А Г И М
Д О М Б Ы Р А
Қ А З А Н
Қ А Й Р А Т

2. Сұрақ – жауап әдісі
- Балалар күз мезгілінде қандай астық жиналады ?
- Бидайдан қандай өнім алынады ?
- Бидайды өcipemin адамды кім дeймiз ?
- Он да балалар «Егінші мен Қасқыр» epmeгicін өтеміз.
1.Ертегіні үнтаспадан тыңдау. Оқып беру.

2.Оқулықпен жұмыс.

1) Әдебиет орталығы.
Ертегіні кезекпен оқыту.
2) Білім орталығы.
Tipeк сызба арқылы жұмыс. «Бидай» сөзін сипаттап беру.





2. Өнер орталығы
Мәтіннен сахналап көрініс ұйымдастырады.

3. Fылым орталығы
1. Бес жолды өлең жазу.
Не? Нан
Қандай? Тәтті, жұмсақ,
Не істеді? Пісті, жеді.
Мыс. Ас , тағам
Сөйлем мен тәтті нан жедім

2. Оқушы шығармашылығы
Нан өмірдің нәрі,
Тәтті дәмдің бірі.
Нанды шашпай жедім,
Сондай дәмді дедім.

2. Қорытынды бөлім
- Балалар 6із бүгін қандай ертегімен таныстық ?
Біздің қасиеттi нанымыз дастарханга қалай келеді екен ?
Нан болса ән де болады.

Ән «Менің Қазақстаным»

V. Үйге тапсырма беру:
«Егінші мен қасқыр» epтeгіcін оқып, мазмұнын айту.

4-СЫНЫП МАТЕМАТИКА
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару 1 – 9 есептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: бағдарлама мәжесіне сай білім, білік, дағдыларын қалыптастыру,
жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы
шығаруға жаттықтыру .
Дамытушылығы: оқушының ақыл ойының математикалық стилін,
интелектуалдық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушылардың танымдық, қызуғушылық іс әрекет пен өздігінен
білім алуға және еңбекке бейімдеу, пәнге деген көзқарасын,
ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі: жүйеге келтіру сабағы
Әдісі: сұрақ – жауап әдісі, ойландыру, жаттығу, өзіндік ұжымдық, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: кесте, үлестірмелі тапсырма, оқулық слайд.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
4. Ұйымдастыру
а) Ортақ ой тастау арқылы сабақтың мақсатын жариялау.
ә) Оқушы зейінін сабаққа аудару, даярлығын тексеру.
5. Ой сергіту
Кубизм әдісімен кубты тастау арқылы оның қырларында белгіленген сандар арқылы сәйкес нұсқаның сұрақтарына жауап беру.
3. Өрнек түрлерін ата
Санды өрнек, әріпті өрнек.
4. Қашықтықты қалай табамыз?
5. 1 м ? неше дициметр квадрат бар? 1 м ? = 100 дм ?
6. Ұзындығы 4 см , ені х см Р = 24 см ? ені - ? см
4 + 4 = 8 см 24 – 8 = 16 16 : 2 =8
7. Уақытты қалай табамыз ? b : s : υ
8. Салмақ бірліктерін ата: г , кг , ц , m .
Проблемалық жағдай туғызу
1. Бірінші көбейткіш белгісіз, екінші көбейткіш белгілі, көбейтіндінің мәні белгілі

2. Сөзжұмбақ
П Е Р И М Е Т Р
Г Е К Т А Р
Т Е Ң С І З Д І К
Ж Ы Л Д А М Д Ы Қ
К Ө Л Е М
А У Д А Н
1. Пішіннің барлық қабырғасын қосу арқылы табатын өлшем
2. 10000 м ? та 1 не бар ?
3. > , < ненің таңбасы
4. = S : t - ? формуласы
5. = а • в • с - ? формуласы
6. S = а • в - ? формуласы
Жаңа сабақтың мазмұны
Теңдеу дегеніміз не?
Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс :
1 – топ: 1 – мысал
Р = х см + 7 см + х см + 7 см ;
Р = (х см + 7 см) • 2;
Р = х см + 7 см ;
2 – топ: 2 – есеп
Ағасы – 28 жаста
Інісінен – 6 жас үлкен
інісі - ? жаста
2 б - х = 6 х + 6 = 28 28 – х = 6 28 – 6 = 18 28 – 6 = 18
3 – топ: 3 – есеп
х : 3 = 12 – 2
х : 3 = 10
10 • 3 = 30
30 : 3 = 12 – 2
1 – топ: 4 – есеп
8 + х = 6 + 6
8 + х = 12
х = 12 – 8
х = 4
8 + 4 = 6 + 6
2 – топ: 5 – есеп
12 : 3 = 4 12 + 4 + 12 + 4 = 32 см 48 см ?
32 : 4 = 8 32 – 8 = 24 см 48 : 4 = 12
3 – топ: 6 – мысал
S = 6 • 6 м = 36 м ? Р = 6 + 6 + 6 + 6 = 24 см
36 : 4 = 9 36 – υ = 27 м ? 24 : 4 = 6 24 – 6 = 18 см

Жеке жұмыс 7 – мысал
Жылдамдық 3 км/сағ хкм/сағ 10км/сағ хкм/сағ
Уақыт 4 сағ 4 сағ 3 сағ х сағ
Қашықтық 30 км 30 км 120 км 120 км
Техникалық диктант
а • 4 ; 25 + а ; а – 4 + 15 Бұл қандай өрнек? өрнек
2 х + 4 = 8 • 6 теңдеу
3 6 ? мәнін тап 216
4 S = •
жылдамдық
5 6784 < 2347 • 3 теңсіздік
6 Алты қыры бар . ұзындығы , ені, биіктігі әр түрлі бұл қандай пішін? параллелепипед
7 Барлығы қабырғасы тең пішін шаршы
8 Қарама – қарсы қабырғасы тең пішін тік төртбұрышты
9 8 ? мәнін тап 64
10 М ?, дм ?, см ?, мм ? аудан өлшемі
Өзіндік жұмыс 8-мысал
Қорытынды
Балаларға ауызша сұрақтар беру арқылы қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасы 9 – мысал
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.