.
.
Қостанай облысы,Аманкелді ауданы, Есір ауылы, Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің І санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Қабылдина Орынбасар Шәкіржанқызы Г дыбысы мен әріпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1749 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға Г дыбысы мен әріпі туралы түсінік беру және Г дыбысы бар сөздерді оқи білу дағдысын қалыптастыру, кеспе әріптерден жаңа сөздер құрап жазуға, оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушыларға сөздердің мағынасы түсіндіру арқылы олардың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік : Г әріпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,ойын элементтерін пайдалану
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалык материалдар,
презентация.
Сынып: 1
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды партаға дұрыстап отырғызу.
Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ тарапты.
Қайырлы күн балалар !
Қайырлы күн ұстаздар !
Ой шақыру-Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, өткен сабақта қандай дыбысты өттік ?
-Й дыбысын
-Й дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс.
“Буыннан сөз құрау” ойыны:
ған
ман жан
қын Ай ша
лан
Жауабы: Айман, Айған, Айжан, Айқын, Айша, Айлан.
Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешу
Жұпар исі еседі,
Жайнап бақта өседі .
Қайсы әріптен басталған,
Аты не? Кім шешеді?
-“Гүл” сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Г дыбысынан.
Г –деп айтайық.
-Г дыбысы қандай дыбыс?
-дауыссыз дыбыс.
-Г –ден басталатын сөз ойлайық
Оқулықпен жұмыс:
Дыбыстық ,буындық талдау.
Гүл-бір буыннан, 3 әріп,3 дыбыстан тұрады,
Бір дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.
Хормен оқыту
Шеге Таға Белгі Жаға
шегеле тағала белгіле жағала
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықты тастайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ойын “Қол шапалақтау”
Шарты: Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, онда қол
шапалақтайсыңдар, егер Г дыбысы жоқ болса, онда қол
шапалақтамайсыңдар.
Көгершін,көбелек, бәйге,тай,гүл,балапан,гәзет,мысық,шеге,бүлдірген
Оқулықпен жұмыс.
Ай мен әтеш (ертегі) . Оқушыларға тізбектей оқыту.
Жазу дәптермен жұмыс.
Жазу дәптеріндегі Г дыбысының бас әріпін жазу.
Тапқышбектің тапсырмасы: Суреттен әңгіме құрастыру:
Ойланайық: Үлгі бойынша нүктелердің орнына керекті буынды қой:
Буыннан адам аттарын құрау:
Жауабы: Гүлсәуле, Гүлдана, Гүлмира, Гүлнәр, Гүлшат, Гүлжан.
Қорытынды : - Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
- Г дыбысымен әріпімен таныстық.
- Г дыбысы - дауссыз дыбыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.