.
.
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы және әрпі. Г г дыбысы және әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1695 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Балаларға «Г» дыбысының әріп таңбасымен және оның айтылу мен жазылу ерекшеліктерімен таныстыру;
Сөз ішіндегі дауыссыз дыбыс екенін айтып, дыбысқа байланысты жаңа сөздерді білдіру арқылы, балалардың жалпы ой- өрісін, тілін дамыту;
Бірлікке, ұғымталдыққа, жинақылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: табиғаттың бейнесі, сюжетті суреттер
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ- жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бір- біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Өткенді пысықтау.
Балалар қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгін біз сендермен «Ғажайыпстан» еліне саяхатқа барамыз. Осы «Ғажайыпстан» елінде әдемі құстар өмір сүріпті. Бір күні қарақшы келіп, осы елді, құстарды торға қамап қойған екен. Міне, бүгін біз осы елді қарақшыдан құтқарамыз. Сендер келісесіңдер ма?Ол үшін қарақшының бізге берген тапсырмалары бар. соны орындасақ, ол торларын ашады. Алдымен құлыпын ашу үшін бірінші тапсырма:
Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық?
Кәне бәріміз бірге айтып көрейікші. Ол қандай дыбыс екен?
Ал, дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естиміз, айтамыз.
Мен сендерге «Дыбыстар болған екен..» деген ертегі айтып берейін.
Баяғыда бір үйшікте көп дыбыстар өмір сүріпті. Ол үйшік біздің ауызымыз. Кәне бәріміз аузымызды ашайық.
Осы үйшіктің екі бірдей ауызы бар екен. Ол біздің ерніміз (еріндерін ашып, жұмып көрсетеді). Есік бекем болу үшін сүйек есіктер қойылыпты. Кәне бәріміз тістерімізді көрсетеміз.Осы үйшіктің ішінде дыбыстардың кіріп, шығуын басқарып отыратын тіл болыпты. Тіл кейбір дыбыстарды емін- еркін өткізіп жібереді, ал басқа дыбыстардың жолына түрлі кедергілер қойып, есікті жауып тастайды. Бұл дыбыстар сыртқа еркін өте алмай, қырылдап дірілдеуге мәжбүр болады.
Айтыңдаршы қандай дыбыстар кедергімен айтылады?
Дауыссыз дыбыстар кедергімен айтылады, ал дауысты дыбыстар еш кедергісіз өтеді.
Ү дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Үй сөзіне сөйлем құрастырып көрейікші.
Сонымен мына құлыпты ашамыз.
Міне, қараңдаршы мына қарақшы құстарды торға қамап қойыпты.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тордағы тапсырманы орындайық. Мұнда жұмбақ берілген, шешуін сендер табасыңдар.
Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын,
Бұл немене балалар.
Үзуге адам қимайтын. (гүл)
Гүлдің суреті, астында жазуы берілген. Гүл сөзі қандай дыбыстан басталады?
Кәне бәріміз бірге «Г» дыбысын айтайықшы. Дыбыс қалай айтылып тұр? Еркін бе, әлде қысылып шыға ма?
Ендеше «Г» дыбысы дауыссыз дыбыс екен. Жанағы жұмбақтың жауабы гүл деп жатырмыз, осы гүлден басталатын адам аттарын айтыңдаршы.
Міне сонымен тапсырманы орындадық, енді торды ашайық. Онда үкінің суреті тұр. Үкі туралы не білесіңдер?(балалардың жауабы)
2. Тапсырма. Енді келесі тордың тапсырмасын орындайық. Ол торда қарақшы сендерге берілген сөздерді буынға бөліп, тиісті орынға қойыңдар депті. Сендердің алдарыңда үш түрлі үйдің суреті берілген. Оның біріншісі 1 қабатты, екіншісі 2 қабатты ал үшіншісі 3 қабатты үй. Яғни қазір сендерге берілген сөздерді буынға бөліп, неше буын болса, сонша қабатты үйге саламыз.Берілген сөздер: газет, вагон, жүгері және гүл сөздері. «Г» дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі екен?
Мұнда көгершін қамауға алынған екен.Көгершін сөзінде г дыбысы естіле ме? Оны біз қандай құс дейміз?
Бейбітшілік құсы дейміз.Осы сөзге сөйлем құрайықшы.
Енді орнымыздан тұрып, серігіп алайық.
ІҮ. Сергіту сәті
Біздер тату баламыз, Бұрыламыз оңға бір
Гүл- гүл жайнап жанамыз, Бұрыламыз солға бір.
Алға қарай бір қадам, Жоғары, төмен қарайық
Артқа қарай бір қадам Орнымызды табайық.
Ү. Дәптермен жұмыс.
- Келесі торды ашу үшін, біз алдымыздағы дәптерден «Г» дыбысын тауып, үстінен бастырып шығуымыз керек. Алдымен ауада жазып көрейік. Жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызамыз, солға қарай ілмек жасаймыз, төбесінде қалпағын кигіземіз. «Г» дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
- «Ғ» дыбысына, тек оның орта белінде сызығы бар екен.
Тапсырманы орындап болсақ, торды ашып көрейік.Ол торда қарға қамалып тұр екен.Енді бәріміз бірге құстар туралы «Қай құс қалай дыбыстайтыны» туралы ән айтайық.
ҮІ. «Құстар қалай дыбыстайды?»
Қарға- қарқылдайды,
Торғай шиқылдайды
Үкі – ухілдейді
Көгершін гуілдейді-2 рет
ҮІІ. Қорытынды.
Қарақшының торынан құстарды босаттық. Енді ол өз кемесіне отырып, сапарға кетті. Ал біз бүгінгі сабақта қайда бардық?
Ол қандай дыбыс екен?
Г дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі? Осымен сабағымыз аяқталды.
Бағалау сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға гүл жапсырмаларын тарату
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.