.
.
Тақырыбы: Гүлденген Қазақстан Гүлденген Қазақстан
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1528 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге, болашақ Қазақстан Республикасының гүлденуіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасына шолу жасау.
Көрнекілігі: Астана қаласының суреттері, ҚР-ның тәуелсіздігіне 20 эмблемасы, плақатқа жазылған сөздер, Н.Ә.Назарбаев суреті, карта.
Барысы:
1-бастаушы:: Қазақстан Республикасы –Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы-2724 мың км ² .Халық саны бүгінгі таңда 16 млн 403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61% -дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады.Діни нанымның негізгі бағыттары- ислам және христиан діндері. Елордасы – Астана қаласы.Мемлекет басшысы – президент. Заң шығаратын жоғары органы – сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі- республика үкіметі. Ақша бірлігі –теңге.
1-оқушы: Әйнегі –күн, шатыры –аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
2-оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте , достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан-Республикам менің !
2-бастаушы: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында , жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ,ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз- егеменді , тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген , өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
3-оқушы: Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік-Қазақстан Гүлстан.
Ән: «Қазақстан»
1-бастаушы: Айта берсек еліміздің даму тарихында оқиғалар өте көп. Солардың бірі де, бірегейі де 1997 жылы 20 қазанда ел президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының ел астанасы болуы. Ал, 1998 жылғы 6 мамырдан бастап Ақмола қаласы Астана қаласы деп аталды. Бас аяғы 2-3 жылдың ішінде Сарыарқаның нақ ортасында , Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.
2-бастаушы: Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі, жеріміздің кіндігі, халқымыздың бірлігі Астана-Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті. Дүниежүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас Астана –халқымыздың болашаққа деген үмітінің сенімді кепілі. Бүгінгі Астана- азат елдің бас қаласы. Бүгінгі Астана –Тәуелсіз Қазақстанның елдік , еркіндігінің рәмізі.
4-оқушы: Астана – таң сәулелі өшпес жарық.
Жарқырап күндіз- түні тұрған жанып.
Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан,
Сол нұрдан ләззат алған барша халық.
5- оқушы: Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы , жасай берші , нұрлы Астанам!
1-бастаушы: Алысқа бармай-ақ өткен жылғы елеулі оқиғалардың бірі ретінде ҚР ЕҚЫҰ-на басшылық етуін, мемлекет басшыларының саммитін, биылғы жылғы 7 қысқы Азия ойындары секілді іс-шаралардың елімізде өтуі- Қазақстанды әлемге паш етіп қана қоймай, еліміздің өркендеп, қарыштап дамып келе жатқанының айғағы емес пе ?
6-оқушы: Қауіпсіздік , ынтымақта талап бір,
Бар жүрекке ізігілікті тараттыр.
Осы жайлы Астананың Саммиті
Астанаға әлем бүгін қарап тұр.
7-оқушы: Алты құрлық, алыс-жақын, қиырдан,
Алпыс елдің басшылары жиылған.
Дүрбелеңді дүйім дүние назары
Бүгін біздің Астанаға бұрылған.
2-бастаушы: Қазақстан ХХІ ғасырға нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың ,барша жұртшылықтың және ел басшылығының ой-ниеті тұрақтылықты, азаматтық, дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, мемлекет аумағының тұтастығы мен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз етуге, жұрттың әл-ауқатын арттыруға, көршілермен және әлемдік қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.
1-бастаушы: Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені, ол соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. 1986 жылғы «желтоқсан толқуы» -қазақ халқының бүгінгі тәуелсіз ел болуның себепкері. Осы бір тарихи оқиғадан кейін ,1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
8-оқушы: Күн болды бұл керемет,
Ақ түйе қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
9-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекен,
Сүйгем жоқ , сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Хор: «Гүлденген Қазақстан»
2-бастаушы: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді ,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Біз білеміз, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні. Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толып отыр ?
1-бастаушы: Яғни биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. ҚР-ның тәуелсіздігіне республика көлемінде әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ендеше бүгінгі біздің өткізіп отырған «Гүлденген Қазақстан» атты ертеңгілігімізде ҚР-ның 20 жылдығына арналады.
10-оқушы: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымен,
Теңескен төбем көкпенен.
11-оқушы: Байтақ дала , жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
12-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
13-оқушы: Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі ләйім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге.
Тәуелсіздік құт болып қонды еліме,
Қорғап сені өтемін өле-өлгенше.
Мақтанамын әлемге Мен азатпын.
ІІІ.Қорытынды:
Мұғалім: Оқушылар сендерге арналған сұрақтар бар, енді сол сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1.Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Мемлекеттік тіл қай тіл?
3. Біздің Астанамыз қай өзеннің бойында орналасқан?
4. Біз қандай елміз?
5. Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
6. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
7. Биыл тәуелсізідігімізге неше жыл ?
8.Биыл елімізді қандай айтулы жарыс өтті ?
9. Тәуелсіздік күні қай күн?
10.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар сіздерді алда келе жатқан мерекемен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын.
Хормен: Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер , жаса ,Қазақстан!
Баянды болсын бақытың , халқым,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.