.
.
Сабақ тақырыбы: Гүлдер. Гүлдер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2436 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1. Оқушыларға Тұманбай Молдағалиев туралы жалпы мағлұмат беру.
Гүлдер өлеңінің мазмұнын ашу, мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға
жаттықтыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,
Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын
молайту.
3. Туған жерінің табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, сұрақ – жауап алу, тіл дамыту қайталау.
Сабақ көрнекілігі: Т. Молдағалиев суреті.
Гүлдерге байланысты бүктемелер.
Ғажайып алаң кестесі.
Пәнарлық байланысы: Ән және сурет, дүниетану, қазақ тілі.
Ι. Ұйымдастыру.
ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
ΙΙΙ. Жаңа сабақ: Бүгінгі жаңа сабағымыз өзгеше.
Жаңа сабақ түрі.
1.Топтасып жұмыс істеу. Топтармен таныстыру.
Ι-топ Шығармашылық . Білімдіміз – ойда оқу біздерде!
ΙΙ-топ Поэзия. Талаптыға –нұр жауар!
ΙΙΙ-топ Ғылым. Іздеген- табар, оқыған озар!
ΙV-топ Өнер. Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу!
2.Кім жылдам?
1.Мақал - мәтел жалғастыру.
Ынтымақ болмай, ...............
Алтау ала болса,..................
Жаман аттан аяғым артық,........
Өнер алды,-...................,
Ырыс алды,-..................
2.Жаңылтпаштар айтып жарысу.
Үш ұшқыш алды, үш кірқысқыш,
Үш тісысқыш.
Кірқысқыш қымбат па?
Тісысқыш қымбат па?
Шыжып жатты шұжық,
Шұжық ақты шыжып.
Немереммен емен егем,
Немереммен неге егем мен.
Аңқау жалқауды жалқаусың депті,
Жалқау аңқауды аңқаусың депті.
3.Ой қозғау: Үнтаспадан көркем сөз тыңдату.
Оқушылар: Пікірлерін тыңдап тиянақтау.
4.Мұғалім: Авторы: Т. Молдағалиев жайлы шағын мағұлмат беру.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Оның «Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Зулайды күндер» т.б. өлең жинақтары бар. Көптеген ән мәтіндерін жазған. Оның «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» т.б. әнге жазылған мәтіндері халық арасында кең тараған.
Гүлдер.
Гүлдер, гүлдер , көп гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер.
«Жайнар кезім келді» - деп,
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып,
Күн нұрына боянып,
Көрік бердің далаға.
Гүлдер, гүлдер, не түрлі
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп ,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім – гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім,
Үзіп алдым біреуін,
Сыйлайын деп анама.
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға
5. Оқулықпен жұмыс: Дауыс ырғағымен оқып, мазмұнын түсіндіру.
6. Топтармен жұмыс: Жеке - жеке тізбектей оқыту. Мәнерлеп дауыс
ырғағымен оқуға жаттықтыру.
7. «Ғажайып алаң» ойыны.
Деңгейлік тапсырмалар орындалады.
1.Оң жақтағы 30.
«Бұл өлеңде не туралы айтылған?»
2.Ортадағы 30.
Ι-шумақта гүлдер жайлы қалай суреттелген?
3. Сол жақтағы 30.
Ақын дала гүлдерін неге ұқсатады?
1.Оң жақтағы 40.
Сен гүлдердің қандай түрлерін білесің?
2.Ортадағы 40.
ΙΙ-шумақта гүлдер жайлы қалай суреттелген?
3.Сол жақтағы 40.
Гүлдер сені қандай сезімге бөлейді?
8. Дәптермен жұмыс:
Жалпы тапсырма.
Мақал: Жердің көркі гүл,
Елдің көркі қыз.
(Мағынасын ұғынып алу)
9. Сергіту сәті. Құс қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды.
Құсша қонды.
10. Қорытынды:
Шығармашылық жұмыс.
Ι-топ.
«Гүлдер жайлы» мәтін құрастыр. Сөз тіркесі ережесін айт.
ΙΙ-топ.
«Гүлдер жайлы» өлең шығару.
ΙΙΙ-топ.
Гүлдерді қалай өсіреді. Құрылысымен айт.
ΙV.
Гүлдердің суретін сал. Гүлдер жайлы өлең орында.
«Құстар қайтып барады» әнін орындау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқып, гүлтәж жасап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.