.
.
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы Геометриялық фигуралар. Елестетуді жетілдіру.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2533 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Логика әлемі
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Елестетуді жетілдіру.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылық меңгерудегі алған білік, білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тез жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Түрі: білімді тиянақтау.
І. Ұйымдастыру бөлімі
-Психологиялық тренинг
- Бүгінгі сабақ білімдеріңізбен ерекшеленеді.
Көзімізді жұмайық, бір сәтке ойға шомылайық.
«Біз сабақта отырмыз. Міне қазір логика әлемі сабағы басталады. Бұл біздің ең жақсы көретін сабағымыз.Тапсырмаларды жаңылмай тез әрі тиянақты орындай аламыз.Қандай тапсырмалар болса да ақыл- ойым мықты. Есептеуге дайынбыз. Сабақ басталды. Көзімізді ашайық.»
ІІ.Қызығушылықты ояту.
«Жылшы қария»ертегісі
Ертегінің мазмұнын елестету арқылы есептеу
.
ЕртедеЖылшы қария өмір сүріпті. Ол жеңін сілкіп қалып еді, құстар ұша бастады. Бірінші рет сіліккенде алғашқы үш құс ұшып шықты: суық пен аяз келді. Жеңін екінші сіліккенде тағыда үш құс ұшып кетті: қар еріп жер көктеді.
Қария жеңін үшінші рет сілкіді –үшіншіүш құс ұшып шықты:ыстық қапырық болды, шаруалар егін орды.
Жылшы қария жеңін төртінші рет сілкіді- тағы да үш құс ұшты: суық жел соқты,жиі-жиі жаңбыр жауды, тұман түсті.
Бірақ бұлар жай құстар емес еді. Әр құстың төрт қанаты бар. Әр қанаттың жеті қауырсыны, әр қауырсынның өз аты бар. Қауырсынның жартысы ақ, жартысы қары.
Құс қанатын бір қаққанда- жарық, екінші қаққанда қараңғы болады.
-Жылшы қарияның жеңінен ұшқан бұл не құстар?
- Әрүш құстың нені білдіретінін қандай сөздерден аңғаруға болады?
- Әр құстың төрт қанаты нені бейнелейді?
- Әр қанаттағы жеті қауырсын ше?
- Әр қауырсынның жартысы ақ, жартысы қара деген нені бейнелейді?
Жауабы: 4 мезгіл,ай, апта, тәулік,күн мен түн.
- Жауабы қандай өлшем бірлікті білдіреді?
- -Уақыт
- 1минутта Қазақстанда 16 теледидар, 40 тоңазытқыш, 80 үтек шығарады екен.
- Ал, біз 45 минутта қанша тапсырма орындайтынымызды көрсетейік.
-
Мағынаны тану
«Ойлан ,тап» Күшік қандай фигуралардан құрастырылған? Меңзермен көрсет.
Оқулық бойынша 2-ші тапсырма
Топтық жұмыс
І-топ сурет бойынша мәтін құра
ІІ-топ суретті толықтырып сал
ІІІ-топ мысықтың суретін боя, мысығың туралы сипаттап айт.
Оқулық бойынша 3-ші тапсырма
Суреттегі қыздарға елестету арқылы сәнді шаштың үлгісін жаса.
4-ші тапсырма:
Тұрақты сөз тіркесін оқы да, тура мағынасын жаз
Арасынан қыл өтпейтін ---------------
Бармағын шайнау-------------------------
Сөзі майда --------------------------
Көңіліне келу ---------------------------
Сабасына түсу ---------------------------
5-ші тапсырма:
Теңдеуден түсіп қалған санды тап:
(483-15)*(869- ---)=0
Логикалық ауызша тапсырмалар
І топ
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш бар? 5
2. Төртеуі 4 сағ шахмат ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? 4 сағ
3. Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді. Әсел 1 стакандағы сүтті ішіп стаканды үстел үстіне қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды? 5
ІІ топ
1. Бір топ үйрек ұшып барады. Олардың барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса нешеуі қалады? 1. қалғаны ұшып кетті.
2. Пар ат 5км жүгіріп өтті. Аттың әрбіреуі неше км жол жүгіріп өтеді? 5км
3. Үйдің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? 4
ІІІтоп
1. Әтеш екі аяғымен тұрғанда 4 кг, ал бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша? 4кг
2. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда біреуін аңшы атып алады. Неше түйеқұс қалды?
Түйеқұс ұшпайды
3. 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр? Бірдей.
Ой толғаныс
- 1. Елестету арқылы геометриялық фигуралардан сурет салу
- Үй, шырша, аққала т.б.
2. Меңзердің көрсеткен жолымен, мақалды оқы.
«Көптің күші көлдей»
Білімдері бағаланады. Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.