Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан,  масса -

Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан, масса

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1684 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан, масса
Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
- Қыс айларының санына наурыз айының рет санын қос.
- Бес сөзіндегі әріптердің санына адамның қолындағы шынашақтардың санын қос.
- Бала ұйықтауға кешкі сағат 9-да жатты. Ол тек үш сағаттан кейін ғана ұйықтады. Ол нешеде ұйықтады?
- Бейсенбінің аптадағы рет санын төрт мысықтың құйрықтарының санына көбейт.
- Жандарбек деген баланың есіміндегі әріптердің санын осы есімдегі буындардың санына қос.
- Шаршы пішіндес үстелдің қабырғаларының санына дөңгелек үстелдің бұрыштарының санына қос.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан, масса» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырмадағы амалдарды тақтаға орындау.
4-тапсырмадағы есептерді шығару.
5-тапсырмадағы сурет бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.
6-тапсырмадағы өлшемдер бойынша фигуралар сызу.
Сергіту сәті.
8-тапсырмадағы а) фигуралардың ауданын есептеу.
ІІІ. Ой толғау.
Математикалық диктант.
- 60 пен 40 сандарының қосындысын 3 есе арттыр;
- 35 пен 155 сандарының қосындысынан 200-ді азайт;
- 900 бен 90 сандарының айырмасын 90-ға бөл;
- 132 мен 396 сандарының қосындысын 3 есе кеміт;
- 1000 мен 450 сандарының айырмасынан 200 бен 250 сандарының қосындысын азайт.
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 176-бет. №3, 8(ә,б)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.