Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. И и дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға И и дыбысы мен әрпін таныту. И дыбысына
қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, И
дыбысын сөздің ішінен бөліп алып жеке дыбыстату арқылы
оның дауысты дыбыс екенін меңгерту. И әрпінің баспа, жазба
түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту, мәтін
мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Жаңа сөздерді
меңгерту.
Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып,
«жеті қазына» жайлы мағлұмат бере отырып халықтың
педагогика негізінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, қима қағаздар, түрлі – түсті бор.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, топтау, суретпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылардың сабаққа қатысуы. 2. Оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Ә ә дыбысы мен әрпі. 1. Ә дыбысы қандай? 2. Әтеш сөзінде неше буын бар? 3. Бағандағы сөздерді оқыту. Дыбыстық, буындық талдау жасау. 4. «Әже» мәтінін 3 топтан үш оқушыға оқыту. 5. Сөздік диктант жазғызу. 6. «Әліппе» өлеңін оқушыларға жатқа айтқызу.
ІІІ. Жаңа сабақ. а) Кіріспе: «Ой қозғау» әдісі бойынша ит сөзіне ой топтау.

Адамға дос үй жануары тірі табиғат




Үреді үй күзетеді жеті қазынаның бірі

ә) Негізгі бөлім: 1. И дыбысына қатысты сөздер ойлату. 2. И дыбысын хормне айтқызу. 3. И дыбысына қатысты бағандағы сөздерді хормен оқу. 4. Бағандағы сөздердің мағынасын ашу.
Ит – үй жануары
Кит – ең ірі сүтқороекті жануар
Ине – тігін тігетін құрал
Инелік – жәндік
Шие – жеміс
Киік – түз тағысы, жануар
Тиын – ұсақ ақша
Тиін – орманда тіршілік ететін жануар
Тиек - ішекті саз аспабының құрамы.
ІV. Сергіту сәті:
V: Мәтінмен жұмыс.
а) «Ит» мәтінін мұғалімнің оқып беруі. ә) Мәтінді оқушылардың іштей оқып шығуы. б) Мәтінді оқушылардың дауыстап, тізбектей оқуы.
Киік, иман сөздеріндегі и дыбысының орны, қанша буыннан тұратын, и дыбысы нешінші буында кездесетінін айтқызу.
VІ. Дәптермен жұмыс.
а) К әрпінің бас және кіші әрпін тақтаға жазып көрсету. ә) Ауада жазу. б) Дәптерде жазу. в) Бірнеше оқушыға тақтаға жазғызу.
Кеспе суреттердің атын атап, тақтаға жазу. Ит, ине, кит, инелік, шие, киім, киік, тиын, тиін суреттері.
VІІ. Қорытындылау, бағалау. Ит суретін салып, оны ауызша сипаттап беру.
Үйге тапсырма: оқулықпен жұмыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.