Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
И,й әріптерінің жазылуы -

И,й әріптерінің жазылуы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4246 | Размер: | Автор: Нартай4540
. И,й әріптерінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: И, й әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету.
Олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу. Сауттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу, түгендеу.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
- У дыбысын қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын, олардың жуан не жіңішке болып айтылуы неге байланысты екенін сұрау. У дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлулеріне ерекше көңіл аудару.
II. Жаңа сабақ.
Барлығымыз дәптерді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылыуы.
Көркем жазу.
Ии
Йй
Е Р Е Ж Е:
• И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді,киік,қиын. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.
• И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.
Оқулықпен жұмыс.
42-жаттығу.
Суреттерге қараңдар,аттарын жазыңдар



И

Сәйкестендіру тесті:

1. ти...н т
2. и... о
3. киі... а
4. ...йнау к
5. Кіт...п і
6. ...лгіш ы
7. ад...м м
8. Ти...н а

Шығармашылық тапсырма.
Өлеңді құрастыр.
Абай атам.
Жатқа айтып беремін,
Абай ата өлеңін.
,
.

Сергіту сәті:
• 1, 2, 3
• Ал қәнеки ұш,
• 4, 5, 6, 7
• Бұл ауылдың шеті,
• 8, 9, 10
• Ал қәнеки қон,
• Асықпа да, саспа,
• 1-ден қайта баста.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
Хат жазды Назым. Бейсен көмктесті апасына. Пісірді тамақ Гүлнұр.Кесте Анар тікті. Сайрады бұлбұл. Қарқылдады қарға.
Көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ауыл шетіндегі Тастөбе алыстан көрінеді. Балалар осы жерде әртүрлі о...ындар
ойна...ды. Ақ шағалада... ү...лер алыстан көз тартады. Төбе баснан қызылша т...еген маш...налар анық көрінеді.
Көру диктанты.
Мәншүк апай-батыр қыз!
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Осы сөздердге сөйлем құрап жаз.
Айна. Тиын. Ине. Биші.Алақай!

Қорытынды,бекіту:
жазылады әрпі й кейін дыбыстан Дауысты. жазылады кейіни дыбыстан дауыссыз және басында сөз әрпі И
Дұрысы:
И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады.

Үй тапсырмасы:
4-жаттығу. 49 бет. И дыбысы жуан естілетін сөздерді бір бөлек, и дыбысы жіңішке естілетін сөздерді бір бөлек жазу. И дыбысының кейде жуан кейін жіңішке естілу себебі.

Ғалым Малдыбаев атындағы
Жаңажол орта мектебі

И,й әріптерінің жазылуы

Карлыгаш Кайржановна Калянурова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.