Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Интеллектуалдық ойын « Зерде» -

Интеллектуалдық ойын « Зерде»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2517 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Интеллектуалдық ойын « Зерде»

Мақсаттары: 1) Есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру, сөздік қорын молайту,шығарма бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру;
2) ойын арқылы есте сақтау,жүйелі логикалық қабілеттерін дамыту, пікір айтқызу;
3) ұжымда достық қарым-қатынасты, ұйымшылдылықты тәрбиелеу.

Алғысөз.

Құрметті балақайлар! Интеллектуалдық ойынға қош келдініздер! (1слайд).
Интеллектуалдық ойын «Зерде» бастауыш сыныптардың білімдерін тексеру, негізі 1- 2 сынып оқушылардың. Ойынға екі топ қатысады.

І топ – Ғалымдар
ІІ топ – Жұлдыздар
Топтардың басшылары Кішкінбаева Айнұр және Сапабек Әлішер.
Ойынды кім бірінші бастайтын білу үшін, « Сулифа» деген ойынды ойнаймыз.

І кезең « Білгенге маржан» ( 2 слайд)
6 кітап шығады ( 3 слайд). Әрбір кітаптағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар ( 4 – 9 слайдтар).

ІІ кезең « Әліппе» ( 10 слайд)
Тапсырма: Бір әріп беріледі, сол әріптен басталатын сөздерді жазу. Адамның аты- жөні, су, қала аталарды есептелмейді. Мысалы « Қ» әріпі.
( 11- 12 слайд)

ІІІ кезең « Қурастырма сурет» ( 13 слайд)
Тапсырма: Суреттің тек қана бір бөлшегі шығады, қандай сурет бейнеленгенді табу.
Жауабы болмаса бір көмек сөз айтылады содан кейін бір ұпай алынады, екінші көмек сөз – екінші ұпай.
Аюдың суреті шығады ( 14 слайд)

Музыкалық үзіліс (15 слайд) « Қара жорға» би билеу.

ІV кезең « Математика» ( 16 слайд).
Тапсырма: Математика амалдары беріледі. Амалдарға « қосу» немесе "азайту» деген белгілерді айту.

І топқа арналған амалдар шығады. ( 17- 18-19 слайдтар)
ІІ топқа арналған амалдар

V кезең « Мақалдарды жалғастыр» (20 слайд)
Тапсырма: Мақалдардың бастауы шығады, келесі бөлегін жалғастыру.
І топқа 5 мақал (21-22-23 слайдтар)
ІІ топқа 5 мақал ( 24-25-26 слайдтар)

VІ кезең « Сөзжұмбақ» (27 слайд)
Тапсырма: Сиқырлы сандыққа бір затты жасыру,жұмбақты шешіп ол затты айту.

І топқа. Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге
Сағатты бар, күні бар.( қоңырау)


ІІ топқа. Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан ( әліппе)

VІІ кезең « Қызықты грамматика» (28слайд)
Тапсырма: Бір сөз беріледі, сол сөзден бірнеше сөз шығару.
Сөз « Саңырауқұлақ» (29слайд)

Қорытындылау ( женімпаздарды құттықтау, сыйлық беру)

Жарайсыңдар! (30слайд)

Пайдаланылған әдебиет:

1. Интеллектуалдық ойының телебағдарламасының версиясы.
2. Қызықты математика Ә. Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева;
3. Қызықты грамматика
4. Қазақ мақал-мәтелдері Ө. Тұрманжанов. 1993 жыл.
5. 777 жұмбақтар Алматы 2010 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.