.
.
Ашық сабақ. Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2337 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен
таныстыру. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру.
2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан
қисынды ойлау білігін дамыту.
3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, автор және Тұрар Рысқұлов суреті,
тест.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпты топқа бөлу
- Оқушылар, бүгінгі ана тілі сабағымызды топпен жұмыс түрінде өткіземіз.
2.Психологиялық дайындық
Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек ?
Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек ?
Оқушы: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек ?
Оқушы: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек ?
Оқушы: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін!(тілек)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге Мажит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесін түсініп оқып, түсінгенін айту тапсырылды.
Топпен жұмыс. Әр топтан бір оқушыдан түсінік айтып шығады. Топтар бір- біріне сұрақ қояды.
Сұрақтар:
1.С.Сейфуллин кім?(ақын, жазушы, коғам қайраткері)
2.Ол не үшін күреті?(халық бостандығы үшін күресті)
3.Іңкәрбек неліктен жатақ атанды?
ІІІ.Өткенді қорыту.Топтастыру.
-Шығармадан Сәкеннің қандай мінезін байқадық?(оқушылар айтады)
Сәкен аға
Әдетті Қайырымды Ұқыпты Батыл
ІY.Жаңа сабақ.
1) Қызығушылықты ояту.
-Оқып отырған тарауымыз қалай аталады?
-«Жақсы ай мен күндей»
-Ай мен күн бүкіл әлемге ортақ, жылуын шашып тұр. Сол сияқты дана, ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі. Мысалы, батырлар, ұлы ақындар, жазушылар, халқын ойлаған жақсылықты жақындатқан халық сүйіктілері.
-Ендеше, бүгінгі сабақта осы жақсы адамдардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.
2) Болжау.
-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.
Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»
«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»
- Бұл шығарма кім туралы еді?
- Тұрар Рысқұлов.
- Шығарма қалай аталады?
- Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.
- Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.
1894
Талғар обл. Қоғам қайраткері, азаттық
Бесағаш ауылы. Тұрар Рысқұлов үшін күрескер.
3) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
- Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.
4) Дәптермен жұмыс.
1.Күннің жады
2.Тақтада тақырып «Интернат қоймасы»
3.Топтастыру автор өмірін
1932
Жамбыл обл. жазушы, драматург,
Жуалы ауд. Шерхан Мұртаза журналист
Мыңбұлақ
Шығармалары
«Қызыл жебе» «Қара маржан»
5) Мағынаны тану.
а) Сөздік жұмыс. Интернат деген не?
ә) Мұғалімнің оқуы
б) Түртіп алу жүйесі
в) Алғашқы сұрақтар
- Мәтін ұнады ма?
- Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?
- Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?
г)Оқыту жұмыстары
6) Ойын «Бәйге»
Шарты: Мына сандар үстінде әр топ нөмірі тұр. Сол топтар сан бірін қалайды. Қаланған сан сұрақтарына жауап беріледі. Соңында ұпай есептеліп, нәтиже айтылады.
І ІІ ІІІ
10 10 10
20 20 20
30 30 30
10- Әңгіме кім туралы?
10- Атамырза мен Серік не істегілері келді?
10- Балалардың қайсысы қолға түсті?
20- Серік Тұрарға не айтты?
20- Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?
20- Балалар қандай шешім қабылдады?
30- Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.
30- Мәтінен ең соңғы үш сөйлемді оқып, мәнін түсіндір.
30- Мәтенді екі бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.
7) Сергіту.
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер оқу.
8) Шығармашылық тапсырма.
Әр топ әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
І топ – Тұрарға мінездеме
ІІ топ – Атамырзаға мінездеме
ІІІ топ – Серікке мінездеме
9) Тест тапсырмалары. Тарауды қайталау.
1.Әбу Насыр әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?
А) Хорасан В) Отырар С) Орынбор
2.Қырдан келген жас қазақ кім?
А) Абай В) Ыбырай С) Шоқан
3.Ыбырай оқуды қайдан бітірді?
А) Орынбор В) Семей С) Отырар
4.Әуез Абайдың қандай туысқаны?
А) жиені В) нағашысы С) ағасы
5.Сәкеннің анасы кім?
А) Жамалбике В) Ұлжан С) Зере
V.Сабақты қорытындылау
-Сабағымызды мына кетені толтыра отырып аяқтаймыз.
Не білдік? Не үйрендік?
Тұрардың қандай бала болғанын
білдік
Жаман адамдар жамандықты әр түрлі жолмен жасайтынын білдік
Ерме балалар болатынын білдік Тұрар сияқты әділ және батыл болуды үйрендік
Жамандықтан сақтануды үйрендік
Кез келген адамға ермеу керектігін үйрендік
VІ. Бағалау.
VII Үйге тапсырма.
Әңгімені түсініп оқып, түсінгенін айтуға дайындалу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.