.
.
Сабақты дайындаған: Орал қаласындағы № 44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Темирбаева Құралай Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2102 | Размер: | Автор: Нартай4540Хабиболлақызы.
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
а/ Көктемгі ауа-райының жалпы табиғаттың өзгеруіне байланысты үй жануарларының тіршілігінде болатын өзгерістер туралы түсінік беру.
ә/ Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Үлкендер еңбегін сыйлауға үйретіп адамгершілік тәрбие беру.
б/ Өлі табиғатпен тірі табиғаттың байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, интер. Тақта
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту , шығармашылық ізденіс
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Ой ашар. Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау
Мәтінді оқу
Өзіндік жұмыс
Топпен жұмыс
5. Ой толғаныс.
Эссе жазу
Сабақты қорыту.
Үй тапсырмасы
Бағалау
Пәнаралық байланыс-әдебиеттік оқу.
1. Дамыта оқыту технологиясы
2. Жаңа ақпараттық технологиясы
Сбақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәңір берген дүниені,
Бойға матап қамама
Өзгелермен бәрін бөліс,
Өзіңді шын бағала-демекші қоршаған ортаны танитын пән дүниетану сабағына қош келдіңіздер!
І. Ұйымдастыру бөлімі.
/ психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп аламын/
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
1. Көктемде жабайы аңдар тіршілігнде қандай өзгерістер болады?
2. Көктемде үй жануарлары тіршілігінен қандай өзгерістер байқадың?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Қызығушылығын ояту. Ой қозғау әдісі.
- Мәтінді оқымас бұрын жануарлар туралы ойларын біліп алу
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Үй жануарлары туралы жұмбақтар шешу.
Үйір-үйір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. / түйе/
Тастан тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула болып тұрағы. /лақ/
2-слайд
Көктемде күннің жылуына байланысты қар ериді. Жылы жаңбыр жауады. Көк шөп шығады. Ағаштар бүршік жарады. Осының бәрі жануарлар үшін қоректің көбеюіне жағдай жасайды.
3 –слайд.
а/ Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.
- Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
- Әр үй жануарларының төлдерін ата.
- «Шөл даланың кемесі» әңгімесінің мазмұны бойынша талдау жүргізу.
3. Сергіту сәті.
ә/ Дәптермен жұмыс.
4-слайд
Енелері мен төлдерін сызық арқылы қосу. Суретке қарап, үй жануарларының төлдерін атау.
Тақтаға жануарлардың аттары жазылады: көгершін, торғай,қасқыр, аю, кірпі, шортан. Осыларды топқа бөліп, әр топты атау тапсырылады.
б/ Топпен жұмыс.
5-слайд.
1 топқа 2 топқа 3 топқа
Көктемгі тіршілік Көктемді суреттеу үй жануарларына
/эссе жазу/ қатысты мақал-
мәтелдер айту
- Әр топтың тапсырмасы тыңдалып, бағалау;
4. Қорытынды.
- Біз не білдік?
- Әлі не білуіміз керек?
- Сенің мақсатың не?
- Қорытынды ойың?
5. Үйге тапсырма.
-Үйге мәтінді оқып түсіну және үй жануарларының төлдеріне қатысты тақпақтар жинау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.