Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үй  жануарларының қысқы  тіршілігі. -

Үй жануарларының қысқы тіршілігі.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1762 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна

Сыныбы: 1 «В» сынып

Пәні: Дүниетану

Уақыты: 27.01.2015ж.

Cабақтың тақырыбы: Үй жануарларының қысқы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Жанды және жансыз табиғат денелерінің байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымдарын арттыру.
Ә) Ой- өрісін,сөздік қорларын молайту және дамыту.
Б) Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайд,аудиожазба, бейне таспа, плакаттар, сиқырлы ұяшықтар,
жануарлардың, құстардың суреттері.

Әдістері: топтық жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық:
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер-ана!
Армысың, көк Аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым! /қолдарынан ұстап, тілек тілеу/
-Қазір жылдың қай мезгілі? /қыс мезгілі/
-Қыс айларын атаңыз /желтоқсан, қаңтар, ақпан/
-Қазір қыстың қай айы, нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын ата. / боран, аяз, қырау, қар/
-Бүгін ауа райы қандай? /шартты белгілермен белгілеу/

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Өсімдіктер мен аңдардың қысқы тіршілігі. Аңдар қайда қыстайды?» Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

1. «Бағдаршам» ойыны: Жасыл түс - жақсы дайындалып келдім
Сары түс - дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін
Қызыл түс - дайындығым нашар

2. «Сиқырлы ұяшықтар» ұпай жинау.
Оң жақтағы 10-Шыбын, құмырсқа, көбелектер қыста не істейді? / інге, қуыстарға тығылып, ұйқыға кетеді/
Сол жақтағы 10 – Қандай ағаштар қыста да жап-жасыл болып тұрады? /шырша, қарағай/
Ортадағы 10 – Бейне-сұрақ: Қоян тіралы не білеміз? /түнде-қорек іздейді,күндіз – жасырынады/
Оң жақтағы 20-Қыста қураған шөптер неге үсімейді?/қар астында қалады, «қар көрпенің» асты жылы болады/
Сол жақтағы 20 – Қыста азық қорын дайындамайтын жауарларды ата.
/ түлкі, қасқыр, қоян/
Ортадағы 20 –Бейне-сұрақ: Қыста аю не істейді? /апанға кіріп ұйықтайды/
Оң жақтағы 30-Бейне сұрақ: Тоқылдақ туралы не білеміз? / «Орман дәрігері»/
Сол жақтағы 30 – Неліктен аюдың қарны ашпайды?/іштегі майларын қорек қылады/
Ортадағы 30 –Неліктен аңдарды жабайы жануарлар деп атайды?

III. Жаңа сабақ: Кіріспе әңгіме.

• Үй жануарларына нелер жатады?/Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі./
• Неге үй жануарлары дейміз?
• Өйткені олар адамның үй маңайында тіршілік етеді. Олар адамға өте көп пайда келтіреді. «Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы» деп қанатты сөздерді тауып айтқан. Қазақ халқы ертеден малмен байланысқан. Мал күтуді қасиетті іс деп білген. «Түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деген.
• Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп айтылады. Осы малдардың пірі, төлі шақыруы туралы не білеміз? /оқушы жауабы/

- Аудиожазбадан «Үй жануарларының қысқы тіршілігі» туралы тыңдау.
/оқушылардың пікірін тыңдау/
Сөздік жұмысы: ферма, мал дәрігері, науа, ақыр.

Сергіту сәті: /қимылмен көрсету, дауыстарын салу/

- Күн шықты. Әтеш шақырды. Сыртта қар жауып тұр. Аздап жел соғады. Үйдің маңында қарлығаштар ұшып жүр. Малдардың дауыстары шығады. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ит үреді. Мысық мияулайды. Тауық қыт-қыттайды.
-
Бақылау күнделігімен жұмыс:
Үй жануарларын өзі жейтін азығымен сызық арқылы қосу.

Топпен жұмыс: Топта тапсырманы барлығы бірігіп орындайды, 1 оқушы шығып жұмысты қорғайды. /алдарына плакат,желім, маркерлер беріледі/

1-топ: Жоғалған сөздерді толықтыру қажет.
... бұзаулайды ... лақтайды ... боталайды
... құлындайды ... қоздайды

2-топ: Әр түрлі жануарларды белгілі бір түрлеріне қарап топтастыру.
/үй жануарлары, аңдар, үй құстары/
3-топ: Тірек сызбаны толтыру.

/топтар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды/

ІV.Қорытынды:
1. «Үй жануарларының дауыстары» бейнетаспаны тамашалау.
2. «Бағдаршам» ойыны.

- Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Жасыл түс – өте жақсы ұнады
Сары түс – жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым
Қызыл түс – ұнаған жоқ
V. Бағалау .
“Үш” дегенім – орта баға, сапасы да орта ғана.
“Төрт”дегенім- жақсы баға, алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенім - үздік баға, оқитын бол үздік қана.
VI. Үйге тапсырма: Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Дүниетанудан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық!
1) Оқу 76 бет, мазмұнын айту
2) Бір үй жануарына зерттеу жұмысын жүргізіп, жазып келу.

Үй жануарының аты Пірі Төлі Қалай шақырады? Сүті Пайдасы


-Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.