.
.
Сабақ тақырыбы: Әйтеке бидің шешендігі. Әйтеке бидің шешендігі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3532 | Размер: | Автор: balaseriЖалпы мақсат: Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып, қорытынды жасау.
Сілтеме: 1. Оқулық, дәптер
2. "Мың бір мақал,мың бір жұмбақ" 1992ж
3. Билердің портреттері, нақыл сөздері
Оқушылар үшін оқу нәтижесі: Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу.
Түйінді идеялар: Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
Л. Сенека
Тапсырма көздері: Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе.
Сабақта қолданылатын материалдар: Сызбалар, билердің портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Оқыту әдісі: СТО
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Оқушының іс-әрекеті:
Топпен жұмыс жасау, Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша қағаз алады. Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады.
Топқа бөлу
І- топ «Төле би »
ІІ- топ « Қазыбек би »
ІІІ – топ « Әйтеке би»
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
- Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді?
Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1. Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.
2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.
Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады.
Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1. Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек.
1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер)
2 топ: Қазыбек би
3 топ: Әйтеке би
2. Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек.
1 топ: Отан туралы
2 топ: Отбасы туралы
3 топ: Бірлік туралы
3. Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек.
4. Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін.
1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би.
3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.»
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға түсіреді. ( флипчарт)
Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.
Оқушылар оқиды, түсіндіреді.
Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бағалау: Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады
Кері байланыс (сұрақ-жауап)
Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.
БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББМ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.