Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әйтеке бидің шешендігі -

Әйтеке бидің шешендігі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2575 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әдебиеттік оқу
3 «А» сынып
Мұғалім: Дусенбаева Р.А.
Сабақ тақырыбы: Әйтеке бидің шешендігі. (100 бет)
Жалпы мақсат: Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып, қорытынды жасау.

Сілтеме: 1. Оқулық, дәптер
2. "Мың бір мақал,мың бір жұмбақ" 1992ж
3. Билердің портреттері, нақыл сөздері

Оқушылар үшін оқу нәтижесі: Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу.
Түйінді идеялар: Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
Л. Сенека

Тапсырма көздері: Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе.

Сабақта қолданылатын материалдар: Сызбалар, билердің портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Оқыту әдісі: СТО
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Оқушының іс-әрекеті:
Топпен жұмыс жасау, Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу

1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша қағаз алады. Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады.

Топқа бөлу
І- топ «Төле би »

ІІ- топ « Қазыбек би »

ІІІ – топ « Әйтеке би»

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
- Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді?
Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1. Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.

2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.

Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады.

Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1. Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек.

1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер)
2 топ: Қазыбек би
3 топ: Әйтеке би

2. Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек.
1 топ: Отан туралы
2 топ: Отбасы туралы
3 топ: Бірлік туралы

3. Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек.

4. Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін.

1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би.
3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.»
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға түсіреді. ( флипчарт)

Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.

Оқушылар оқиды, түсіндіреді.

Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Бағалау: Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады
Кері байланыс (сұрақ-жауап)
Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.