.
.
Ашық сабақ Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1209 | Размер: | Автор: Нартай4540Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы
Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың тақырыбы:
1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кірітілген дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы. Оқушылардрың ой-өрісін сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұлттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру сұрақ- жауап.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Түгендеу, партаға дұрыс отыру, сабаққа зейін аударту.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1. «Я» дыбысы қандай дыбыс ?
2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу
3. Оқулықпен жұмыс: Кісі аттарын айтқызу
Мақсат қою тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Сергіту: Орман аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп теріп алайық,
Қалтамызға салайық,
-Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп турсыңдар?-Ю(бір неше
Рет қайталап дыбыстау). Юдыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы
Түсінік беру Ю дауыс,сырттан енген, и+у дыбысытарының қосылуынан
жасалады.
Айу-аю ,ойу-ою,
Баспа және жазба түрімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
Суретке қарап әңгімелеу
Бағандағы сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
Аю / қо ю / құ ю / сү ю / е се ю / а за ю
Ою / қи ю /тү ю / кү ю / үл ке ю / кө бе ю
«Ою» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.
«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.
Дәптермен жұмыс
А) әріп элементтерімен таныстыру
Ә) ауада жазу
Б) тақтаға жазу
В) Дәптерге «Ю» әрпін жаздырту.
ІV. Қорытындылау, бағалау.
– Біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?
«Ю» – дауысты дыбыс, сырттан енген, «и» ж/е «у» дыбыстарының қосындысынан жасалған.
«Жоғалған дыбыс және әріп» ойыны.
Со... , қо... , та... , а... , жи... .
Үйге тапсырма. «Ю» дыбысы мен әрпі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.