.
.
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3015 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ю әрпі мен дыбысы туралы білім беру, сөз ішінен ю әрпін табу, ю дыбысын дұрыс айтуға төселдіру.
2. Ю дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Сандық, әженің суреті, кеспе буындар, текшелер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ауызша және жазбаша жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгін бізге әжеміз өзінің сыр сандығын ала келіпті.
-Сандықтың сыртынан не көріп отырмыз?
-Сыр сандықтың сырты әдемі оюмен өрнектелген.
Ендеше, бізде әжемізбен бірге ою оямыз.
Сыр сандықтың сырын ашу үшін бізге тапсырма беріліпті, сол тапсырмаларды орындасақ сандықтың сыры ашылады. Ал, ендеше сандықты ашайық.
1. Сыр сандықтың бірінші тапсырмасы қайталау.
«Біз не білеміз?»
1 Әріп
2 Дыбыс
3 Дауысты дыбыс
4 Дауыссыз дыбыс
2. Сыр сандықтың 2-ші тапсырмасы ойын "Сыңарын тап".
3. Жаңа сабақ
Сөздің сыры-көп жұмбақ
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.
Ебедейсіз үлкен, тал бойы
Сабалақ жүнді мал тоны
Апанда ұйықтар қыс бойы
-Ол не?-деп ойлайсыңдар.
-Аю
-Аю деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
-ю
-Аю не істеп жатыр?
-ұйқыда жатыр.
-Ал жаңа ғана қоян туралы өлең оқыдық мұнда қоян не істеп жүр?
-Қар үстінде жүгіріп жүр.
-Бұлар қандай жануарлар?
-Дұрыс жабайы жануарлар. Кеше ғана дүниетану пәнінен оқып таныстық.
-Аю деген сөздегі ю дыбысын барлығымыз дыбыстап көрелік. Ауызша оқығанда и+у болып екі дыбыс естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Фланелеграфқа юбканың, аюдың, оюдың суретін орналастырып сөйлем құрау.
Кеспе буындардан жазып дыбыстық талдау жасау. Сергіту сәті.
4. Оқулықпен жұмыс. Сөздерді оқы.Әр сөзге сөйлем құра.
Мәтінмен жұмыс. Оқып түсіндіру оқушыларға оқыту.
Оқушыларға оқыту.
5. Топтық жұмыс.
1-топ. Көп нүктенің тиісті әріпті қой.
Құ..., о..., ...бка, пи...з, қи...р.
2-топ. Сөздерді буыгға бөліп жаз.
Сүю, түю, азаю, әдемі.
3-топ. Сурет бойынша әңгіме құра.
Дәптермен жұмыс.
Ю әрпін тақтаға жазып көрсету. Ауада жазу.
Сабақты қорытындылау.
Сыр сандықтың тапсырмасы.
Сатылай кешенді талдауға көшелік
Ю дауысты дыбыс
И+у болып айтылады, ю болып жазылады.
Сөздің барлық жерінде кездеседі.
Орыс тілінен енген.
Сыр сандықтың шашуы шашылып, балаларды мадақтау.
№ 4 орта мектебі «мемлекеттік мекемесі»
Ашық сабақ
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Ю дыбысы мен әрпі»
Жолболдиева А. М.
1 «Ә» сынып
2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.