.
.
Тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі. Ю ю дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4554 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Ю ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап
тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты,көркем жазуға төселдіру,
мәтінді түсініп оқуға үйрету.
- Сабаққа қызығушылығын арттыру;
- Жинақылыққа,ептілікке тәрбиелеу;
- Ойлау,есте сақтау,өз бетімен оқу қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: баспа,жазба әріп түрлері,суреттер.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Я дыбысы мен әрпі.
- Я дыбысына енген сөздерді оқу.
- «Сұр қоян» жатқа сұрау.
- Я дыбысы қандай дыбыс?
- дауысты.
- Балалар біз осы күнге дейін қандай дыбыспен таныстық?
- Нешеуі дауысты?
- Нешеуі дауыссыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс жүргізу.
А) – Мынау қандай аң?
- Аю.
- Аюдың түрі, түсі қандай
- Қоңыр, үлкен.
- Аюдың баласы – қонжық.
1. Ю әрпінің баспа, жазба т Ә) – Мынау не балалар?
- Ою.
- Бұл оюды біз нелерден көреміз?
- көрпеден,сандықтан,киімнен.
Балалар аюдың,оюдың суреттерін көрдік. Енді сөздерге қарайықшы.
Аю Ою
Біз А,О дыбыстарымен таныспыз. Бізге таныс емес әріп бар ма?
- Ю дыбысы.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы «Ю дыбысы мен әрпі» - тақтаға жазу.
1. Ю дыбысы дауысты дыбыс.
2. Орыс тілінен енген дыбыс. Ю
3. Екі дыбыстан құралған.
Й + У
Қазақ тілінде Ю дыбысынан басталатын сөздер жоқ. Ю дыбысы көбінесе сөздердің
соңында кездеседі.
Ою, аю сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Ою,аю – 2дыбыс,2әріптен, 2 буын,2дауысты дыбыстан тұрады.
ІѴ.Оқулықпен жұмыс.
1.Бағандағы сөздерді оқыту.
А ю қо ю құ ю сү ю е се ю а за ю
О ю қи ю тү ю кү ю үл ке ю кө бе ю
2. «Ою» мәтінімен жұмыс.
Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Оюы әдемі болды.
- Өз бетімен оқу.
- Кезектесе оқу.
Ѵ. Ю дыбысының жазылуы.
үрлерімен таныстыру.
2. Тақтаға жазылуын көрсету.
3. Ауада жазу.
ѴІ. Дәптермен жұмыс. № 3
- Юю дыбысын толтыру.
- Әжем сырмақ оюлады.
ѴІІ. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
ѴІІІ. Өлеңді оқыту. Өлеңді кім жазды?
Ақын Тұрсын Жексенбайдың «Жақсы көрем» өлеңін оқимыз.
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды.
- жеке оқыту.
ІХ.Сөздік диктант жаздыру.
Аю,ою,жаю,үю,жию,қию,қою.
Х. Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы.
1.Қандай дыбыспен таныстық?
2.Ол қандай дыбыс?
3.Қандай дыбыстардан құралған?
ХІ.Мадақтау.
ХІІ.Үйге. 97 бет.
«Ою» мәтінін оқу, «Жақсы көрем» жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.