Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы. -

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1821 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Мақсаты:
Білімділік: И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыдысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылық: Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, тіл жаттықтыру, үйрету.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, алма ағашы, ребус суреттері.
Жаңа сөздер: Именіп, тимелік, шиелік.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу Ой қозғау.
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мегіліндегі табиғатты суреттету (Өткен тақырыптар бойынша дыбыстар мен әріптерді қайталату).

Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Ұйымдастыру ізденіс жүргізу Оқу іс-әрекет «Үйшік» ертегісінің желісі бойынша өткізіледі. (Әр тапсырма орындалған сайын аңдар үйшікке орналастырылып отырады).
Балалар бүгін бізге сабағымызға қонақтар келіпті. Олар сендерге өздерінің бімеген сұрақтарын қойып білгілері келеді екен.
Тышқан тапсырмасы.
Жұмбақ дегеніміз не? Білгім келеді.
-Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (Ине)
-Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейлеп ерте кеп.
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай верталет. (Инелік)
- И әрпімен және дыбысымен таныстыру,
-Ине, Инелік, Ит, шие сөздерінде қай дыбысты жиі естиміз?
-И дыбысы дауысты.
-Сөздердің барлық буынында кездеседі (ми, ши, тарихи т.б), сөздерді буынға бөлгізу.
-И әрпін тақтада жазып көрсету.
Бақа тапсымасы:
Жазуды әдемі ,таза, тез жазуды білмеймін көмек беріңдерші. (Оң қолдарын көтертіп ауада жазып көрсету).
Сегіту жаттығуы.
Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай.
Трактор мен Комбайын,
Жүргізуге мен дайын.
И әрпін дәптерлеріне жазады.
Түлкі тапсырмасы:
Ойын ойнауды білгім келеді.
«Кім зейінді?» және «Алма жинау» ойындары ойналады.
Шарты: Тақырыпқа сай балаларға тапсырмалар беріледі, балалар жауабын табады.


Ойланып жұмбақ шешуін табады.
Рефлекция түзету жұмыстары (коррекция) Қасқыр тапсырмасы:
Ребус деген не? Оны қалай шешуге болады?
Аю тапсырмасы:
Тақпақтар айтып беріңдерші. (Балалар тақпақтар айтады).
Балалар осылай барлық аңдар бірігіп тату-тәтті өмір сүріпті.
Сонымен біз аңдарға не үйреттік?
(И әрпімен және дыбысымен, жазу жазуды, жұмбақ, ребус шешуді, тақпақ айтуды т.б)
Қорытындылау, бағалау, мадақтау. Ойланып ребус шешеді.

Тақпақтар айтады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар «И әрпін» таниды.
Түсінігі: Балалардың и дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: И дыбысының дауыты дыбыс екендігін, И дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі:
Сайлаубаева Анаргүл Ербайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.